Биыл Атырау облысында 7 милионнан астам көшет отырғызылады

Жаңалықтар

«Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің бастамасымен биылғы жыл өңір экологиясын жақсартуға арналады. Және «Жасыл белдеу» құру жобасына бірінші кезекте мұнай-газ саласындағы ірі табиғат пайдаланушы компаниялар тартылады» деп хабарлайды atr.kz

​ Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің мәліметінше, облыс аумағында орман қорын толықтыру мақсатында биыл 7 милионнан астам көшет отырғызылады. Оның ішінде, елдімекендерде 1 миллиондай ағаш егіледі деп күтілуде.​

Еске сала кетелік, бұған дейін облыста атмосфералық ауа тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған экологиялық карта жасақталған болатын.​

«Жол картасына» сәйкес, ауаға шығарылатын ластаушы заттардың көлемін облыс аумағында 300 мың тоннадан 264,3 мың тоннаға дейін азайту көзделіп отыр. «Жайық өзені бассейінің экологиялық сауықтыру және гидрологиялық режимін зерделеу жөнінде бағдарлама әзірленуде. ​ Және ағаш егу арқылы орман қорын молайту, елді мекендерді көгалдандыру, Атырау қаласы аймағында «жасыл белдеу» құру бойынша жұмыстар атқарылуда» дейді Экология департаменті басшысының орынбасары Сырым Тілегенов.


Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз