
Каспий теңізін сақтап қалу керек
Каспий теңізін, Балқаш көлін, басқа да су көздерін сақтап қалу үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Бұл туралы Ақордада су шаруашылығы қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
– Су, экономикаға, экологияға, халықтың денсаулығына, жалпы барлық салаға ерекше ықпал етеді. Сондықтан судың таза әрі қолжетімді болуы өте маңызды. Елімізде Кіші Аралды құтқару үшін жылдар бойы ауқымды жұмыс сатқарылып келеді. Соның арқасында қашқан теңіз қайта оралып, айдыны суға толып жатыр. Каспий теңізін, Балқаш көлін, басқа да су көздерін сақтап қалу үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Су дұрыс пайдалана білсең құт, ысырап етсең жұт. Былтыр Қазақстанның бірнеше аймағы қарғын судан қатты зардап шекті. Мұндай жойқын табиғи апат елімізде бұрын-соңды болмаған. Күрделі кезеңде сіздер қайсарлық пен кәсібиліктің озық үлгісін көрсеттіңіздер. Әр қызметкер күні-түні еңбек етіп, апат салдарын жоюға белсене атсалысты. Мне баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін, — деді Президент.
⠀
Қасым-Жомарт Тоқаев биыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланғанын, мемлекет еңбек адамдарын әрдайым қолдайтынын баса айтты.
⠀
— Былтыр Қазақстанның су шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы бекітілді. Бүгін осы атақ бірқатар ардагерге беріледі. Еңбек адамының орны әрдайым төрде болуға тиіс. Өздеріңіз сияқты кәсібіне адал, еңбекқор азаматтар жоғары марапатқа лайық. Сондықтан мен Қазақстанның су шаруашылығын дамытуға елеулі қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойдым. Бұл халықтың сіздерге деген құрмет-қошметі және шынайы алғысы, — деді Мемлекет басшысы.
⠀