Атырауда 27 ауыл ауызсумен қамтылмақ

201201204807614a3725168i Жаңалықтар

Атырау облысында биыл 16 елдімекенге су жүргізіледі.

«2025 жылға дейін  Атырау облысында 27 елдімекен ауызсумен қамтылатын болады» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушовтың мәлімдеуінше, қазіргі таңда
мұнайлы өңір 99%-ға ауыз сумен қамтылған.

«Аймақтың кешенді даму бағдарламасы аясында, биыл 16  елдімекенге су жүргізу аяқталады. Келесі жылы тағы 6 елдімекенге ауыз су жеткізіледі. Қалған 9 елдімекенді сумен қамту 2025 жылға дейін жүзеге асады» деп нақтылады спикер.

Еске сала кетелік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен
былтыр «Атырау облысының 2021-2025 жылға дейінгі даму бағдарламасы» қабылданды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз