Экология
«Бірлік» те тазарып қалды
Республика көлемінде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясының ойдағыдай ұйымдастырылуына барлық кәсіпорын-мекемелер, мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдар мүдделілік танытып, белсенділікпен атсалысуда. Солардың қатарында Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ұжымын айрықша атауға болар еді.
Белгіленген кестеге сәйкес, шілде айының 20-сы күні қала аумағындағы Бірлік шағынауданында сенбілікке шықты.
– Тазалық шарасына өзіміздің басқармадан — 16, «Атамекен» ҰКП өңірлік филиалынан — 12 және «Арнаулы көлік базасы» ЖШС-інен — 5, барлығы отыздың үстінде адам, 2 бірлік «КамАЗ» автокөлігі жұмылдырылды. Нәтижесінде, 3,2 тонна қоқыс қалдығы шығарылды, — деді басқарма басшысы.
Дәулетқали АРУЕВ