
Атырауда » Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда
Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен, “Инфо Орталық” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Жасыл ел” жастар еңбек жасағы сарбаздарының қатысуымен «Таза Қазақстан» тазалық акциясы аясындағы шаралар жалғасын тапты. Бұл жолы тазалық жұмыстары Атырау қаласындағы айналма автомобиль көпірі маңы мен Жайық өзенінің жағалауында өтті.

Акцияда ерікті жастар, мәслихат депутаттары, “Атырау мұнай өңдеу зауыты” ЖШС, “KazTransOil” АҚ Атырау мұнай құбырлары басқармасының жұмысшы-қызметкерлері, облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына қарасты мекемелердің ұжымдары белсенділік көрсетті.
Бұл күні тазалық шараларымен қамтылған учаскелерден (айналма көпір мен «Атырау» шағынауданының аумағы) жалпы салмағы 3 тоннадан астам тұрмыстық қалдық пен қоқыс шығарылды.
Дәулетқали АРУЕВ