
Атырауда апатты үйлерді сүру жұмыстары жалғасуда
Атырауда апатты жағдайға жеткен баспаналарды бұзу жұмыстары одан әрі жалғасуда. Атап айтқанда, арнайы комиссияның шешімімен адамдар тұруға жарамсыз деп танылған екі қабатты сегіз үйді сүру шаралары басталды.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Эльдар Қариполлаевтың сөзінше, бұл жұмысқа ондаған адам мен бірнеше бірлік арнаулы техника тартылған. Барлық қауіпсіздік шаралары алынған. Қайта монтаждау жұмыстарын жаздың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Жұмысты орындауға міндетті бас мердігер кәсіпорын — «AG Disinfecting» ЖШС. Серіктестік басшылығының баяндауынша, қазіргі уақытта апатты үйлерді бұзу жұмыстары Қожақаев көшесі 1, Бейбітшілік көшесі 64, 66, Достық — 8, 12, Оңдасынов — 9,:Стаханов 3, 4 үй-мекенжайларында жүргізілуде.
Сондай-ақ, ,,Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы шеңберінде шаһарда 117 көпқабатты үйдіі бұзу жұмыстары басталды. Барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес және тиісті қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып атқарылуда. Ал апатты үйлердің тұрғындары қазірдің өзінде жаңа да жайлы баспаналарының кілтін қолдарына алып отыр, — деді салалық бөлімнің өкілі.
Дәулетқали АРУЕВ