Өндірісті өңірдің экологиясы өзекті болып отыр…

img 20201007 wa0101 Жаңалықтар

Atr.kz/7 қазан, 2020 жыл. Бүгін Атырау облысы бойынша экология департаментінде дөңгелек үстел өтті. Оған департамент басшысы Әлібек Бекмұхаметов және департамент жанындағы «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Шынар Ізтілеуова қатысты. Күн тәртібінде мемлекеттік экологиялық сараптаманың маңызды жобалары қаралды.

2020 жылдың 1 жартыжылдығында Атырау облысы бойынша экология департаментімен 180 бірлік Мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Бұл ретте, «I санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» бойынша 163 бірлік өтінім келіп түсті. Оның ішінде: алдын ала сараптама кезеңінде 6 өтінім қабылданбады, 84 өтініш оң қорытынды алды, 34 өтініш бойынша экологиялық заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты теріс қорытындылар берілді, қалған 19 өтінімді табиғат пайдаланушылардың өздері қайтарып алды.

«I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру» бойынша 39 өтінім келіп түсті және 37 қызмет көрсетілді, оның ішінде 31 бірлік – ресімделген рұқсаттар, 6 өтінім бойынша беруден бас тартылды және 2 өтінімді табиғат пайдаланушы кері қайтарып алды. Оның ішінде, Департамент жанында мемлекеттік экологиялық сараптама барысында 7 Жобалық материал бойынша сараптамалық кеңес өткізілді.

2020 жылдың 18 ақпанында және 29 шілдесінде «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» Филиалының Қашаған кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру объектілерін жайластыру жобасы. Жер үсті кешені. Технологиялық процестің суын тазарту қондырғысы, Қашаған кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру объектілерін жайластыру жобасы. Жер үсті кешені. Мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысы (МГКДҚ). МГКДҚ-ның әрбір технологиялық жіптеріне қосымша екі ребойлерді орнату, «Қашаған кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру нысандарын жайластыру. Теңіз кешені. Технологиялық нысандарды жаңғырту», «Қашаған кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру нысандарын жайластыру. Құрлық кешені» жұмыс жобаларына сарапшылық кеңес өтті.

Аталған жобалар бойынша сарапшылық кеңес мүшелерімен және Департаменттің экологиялық реттеу бөлімінің сарапшыларымен берілген ескертулер жойылып, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы берілді.

Сонымен қатар, сарапшылық кеңеспен ағымдағы жылдың 28 тамызында «КазТрансОйл» АҚ-ң «Индер» МАС ластаушы заттардың шекті жол берілетін шығарындылары нормативтерінің және Атырау мұнай өңдеу басқармасының өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтерінің жобалары қарастырылды.

Сарапшылық кеңес мүшелерімен нормативтер жобалары бойынша коршаған ортаға эмиссия көлемін азайту бойынша ескертулер берілді.
Атырау облысы бойынша экология департаментіне 2020 жылдың 30 сәуірінде «GPC Investment» ЖШС-нен «Атырау облысы Қашаған кен орнында өнімділігі жылына 1000000000 (млрд) нм3 құрайтын газды кешенді дайындау қондырғысы» жобасы ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесіне келіп түсті.

Жобада шикі газ Қашаған кен орнынан НКОК құбыры арқылы газ өңдеу зауытына түсетіндігі, және одан әрі тазартылып, өңделген газ құбыр арқылы «ҚазТрансГаз» АҚ-на жіберілетіндігі көрсетілген.
Жоспарланған нысан Атырау қаласынан 60 км, Доссор кентінен 30 км жерде орналасқан.

Жобада ұзындығы 40 метр, диаметрі 14 метр болатын жабық түрдегі жер үсті алауы қарастырылған. Жоба бойынша жылына 9 млн.метр3 газ жағылады. Сумен жабдықтаудың негізгі көзі «Астрахань-Маңғышлақ»су құбыры болып табылады. Су тұтыну көлемі жылына 37276,07 мың.м3 құрайды.

Жоба бойынша сарапшылық кеңес мүшелерінің қатысуымен 27 мамыр күні департаментпен сарапшылық кеңес өткізілді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Атырау қаласына жұмыс сапарымен келген уақытта «GPC Investment» ЖШС-не Атырау қаласының тұрғындарына осы зауыт бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы тапсырма берілген болатын. Осы тапсырманы орындау бойынша сарапшылық кеңес мүшелері де ұсыныс берді.

Сонымен қатар, газды кешенді дайындау қондырғысының жобасы бойынша мемлекеттік экологиялық реттеу бөлімі сарапшысымен Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 50 бабына және әдістемелік талаптарға сәйкес 25 жұмыс күні ішінде бірқатар ескертулер жолданды.

Алайда аталған жоба бойынша кейбір ескертулер жойылмады. Сондықтан, жоба департаментпен келісілмей, кері қайтарылды.
Бұдан кейін департаментке мемлекеттік экологиялық сараптамаға жоба кері түспеді.

Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен, 2020 жылдың 15 қыркүйегінде «GPC Investment» ЖШС өкілдерімен Атырау облысының Қашаған кен орнында өнімділігі жылына 1 000000000 нм3 газды кешенді дайындау қондырғысы жұмыс жобасына түсірдірме жиыны өткізілді.

Қазіргі таңда, Департаменттің мемлекеттік экологиялық сараптамасының қаралымында 26 жоба бар.

«Атырау облысы бойынша экология департаменті»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз