Экология

Атырауда экологтар марапатталды

«АТЫРАУ ӨҢІРІ ҮШІН ЭКОЛОГИЯ МАҢЫЗДЫ САЛА ЕКЕНДІГІ БЕЛГІЛІ. АЙМАҚТА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ ШОҒЫРЛАНҒАНДЫҚТАН ОНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕР ЕТЕТІНІ СӨЗСІЗ. ӘРИНЕ ҚОРДАЛАНҒАН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРоБЛЕМАЛАРДЫ ШЕШУДЕГІ ТИІСТІ САЛА МАМАНДАРЫНЫҢ ЭКОЛОГТАРДЫҢ ЖАСАП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРЫН ДА ЖОҚҚА ШЫҒАРА АЛМАЙМЫЗ. АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІС-ШАРАЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ САЛАМАТТЫ ӨМІР СҮРУІ ҮШІН БАҒЫТТАЛҒАНДЫҒЫН АТАП ӨТУ ҚАЖЕТ.

«Облыстағы көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан жобалардың бірі – кәріз суының мәселесі. Атырау каласының географиялық, тұрмыстық ерекшелігіне байланысты лас сулар ашық алаңға жинақталады. Соған байланысты каланың оң және сол жағында кәріздік – тазарту қондырғыларын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұның экологияға пайдасы орасан зор болмақ. Осылайша сарқынды суларды тазартып, оны техникалық су ретінде пайдалануға болатын мүмкіндік туып отыр. Алдағы екі жылда жаңа кәріздік-тазарту қондырғылары пайдалануға берілсе ауаның да судың да тазаруына мүмкіндік жасалмақ. Қалада булану аландары да жағымсыз иіс тудыруда. Сондай-ақ, қаладағы қатты тұрмыстық қалдықтар алаңы көп жылдан бері өртеніп, одан шығатын жағымсыз иіс пайда болды. Осы қоқыс алаңын калпына келтіру жұмыстары бойынша жоба жасақталуда. Биыл бұл жобаны аяқтап, келесі жылы жұмысты бастау көзделіп отыр. Бұл да қаланың экологиясының жақсаруына үлкен септігін тигізетін жоба», –  деді Атырау қаласындағы орталық саябақта Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай өткен шарада облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.

Іс-шара барысында сала мамандары мен табиғат жанашырларына құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды. Аталған мереке қарсаңында осы салаға ғұмырын арнаған ардагерлерге «Атырау облысы алдындағы еңбек үшін» төс белгісі, «Халық қаһарманы қоғам қайраткері Хиуаз Доспанова» медалі табыс етілді.

Жиын соңында экология департаменті ұйымдастырған мектеп окушылары арасындағы сурет байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталып, олардың ұстаздарына да сый-сияпат ұсынылды

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button