Өзендердегі су деңгейі бойынша мәліметтер жарияланды

31df0085 080e 457a 8518 0885a9cadcb4 Экология

Жайық, Қиғаш және Жем өзендеріндегі су деңгейі бойынша Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабынан алынған мәліметті қалың бұқараның назарына ұсынуды жөн көрдік.
Өткен тәулікте, яғни 5 сәуірде Жайық өзені – Индербор кентінің гидропостында БҚО тарапынан судың келуі есебінен өзен деңгейі 52 см-ге, Махамбет кентіндегі гидропосттағы өзен деңгейі 14 см-ге көтерілді. Ал Атырау қаласындағы Жайық өзенінің гидропостындағы су деңгейінде өзгеріс жоқ. Қиғаш – Шортанбай өзені су бекетіндегі тәулік ішіндегі өзен деңгейі 2 см-ге төмендеп, 204 см-ді құрады. Бұл ахуал Волгоград су қоймасынан ағызып жатқан су мөлшерінің азаюына байланысты қалыптасып отыр. Жем өзеніндегі су деңгейі төмендеді және гидрологиялық постқа жақындау мүмкіндігі пайда болды.

5 сәуірдегі жағдай бойынша Иректі су қоймасынан ағызып жатқан су мөлшері 2300 м3/с құрайды, 6 сәуірдегі жағдай бойынша – 2170 м3/с.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз