Алмағамбет көлінен 507 килограмм балық өлексесі жиналды
Бұл туралы баспасөз алаңында өткен брифингте ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
-Судың көлге тез келіп, тез қайтуының салдарынан балықтар жыңғылдардың арасында, қайраңдарда қалып қойған. Безымянный көлінен 65 килиграмм балық өлексесі жиналса, Алмағамбет көлінен соңғы есеп бойынша 507 килограмм жиналды. Дегенмен, жұмыстар әлі жалғасуда. Қазіргі сәтте Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының 40 қызметкері және Алға ауылының 8 жұмысшысы осы бағытта жұмыс жүргізуде, деді А.Бахиянов.
Ал облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы өңірде 200-дан астам су айдыны болса, оның 70-ке жуығы қауіпті айдын қатарына жататынын, және олар қатаң бақылауда екенін атап өтті.