Экономика

Жаңа энергия жүйелері қосылады

Енді Каспий теңізінің түбіне және басқа елдердің аумағына жоғары вольтты кабель төсеу арқылы энергия жүйелері қосылуы мүмкін. Бұл туралы Өзбекстан астанасы – Ташкент қаласында өткен инвестициялық форум барысында мәлім болды.

Республика Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан салалық министрліктерінің басшылары мемлекеттердің энергетикалық жүйелерін жүйеаралық біріктіру жөніндегі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойған. Оның басты мақсаты – үш елдің энергетикалық жүйелерін жүйеаралық қосу жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде ынтымақтастықтың негізгі шарттарын айқындау.

Құжат қатысушылардың осы елдерден техникалық және экономикалық тұрғыдан ең оңтайлы «жасыл энергия» саудасын жүзеге асыра отырып, Каспий теңізінің түбіне және басқа елдердің аумағына жоғары вольтты кабель төсеу арқылы энергия жүйелерін қосу мүмкіндіктерін зерделеуге ниетті екенін көрсетеді.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бұған дейін Каспий түбіне терең су кабелін төсеудің техникалық тапсырмасының жобасы қалыптасқанын атап өтті.

«Техникалық тапсырма шеңберінде халықаралық трансмиссиялық дәліздерді дамыту және Еуропалық Одақ елдеріне «жасыл энергияны» сату үшін болжамды бизнес-модель әзірленеді. Жоғарыда айтылғандардың негізінде үш елдің энергетика министрліктері арасында өзара энергетикалық жүйелерін жүйеаралық қосу жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум жобасы пысықталды, – деді министр.

Бүгінде осы жобаны іске асырудың базалық тәсілдері талқыланып, келісілген. Қазақстандық ведомство одан әрі толыққанды өзара іс-қимылға толықтай дайын.

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button