ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ӨНІМДЕР

«Құралай» корпорациясының өз күшімен салынған жаңа жобадағы балық өнімдерін өңдеу зауытының құрылысы «Caspian Fich Atyrau» ЖШС арқылы іске асты. Аталмыш балық өңдеу зауыты пайдалануға беріліп, қазіргі таңда Ресей мен Украина сынды шетелдерге өнімдерін жіберіп отыр. Ендігі кезекте денсаулыққа да пайдалы, сатып алуға да арзандығы жағынан тиімді, жергілікті жерден шығып, өңделетін балықты өз елімізге жіберу қолға алынуда. Әрине, теңізден тікелей ауланған балықтың дәмі де, сапасы да ерекше болатыны сөзсіз. Зауыт балықтың бұзылуына үлгертпей, тез қатыру мүмкіндігін туғызатын тоңазытқыштармен, еуропалық сападағы құралдар-жабдықтармен жарақтанған.

Балық және балық өнімдері – тоңазытылған, мұздатылған өндіру, қайта өңдеу, сақтау және сату жұмыстарымен айналысатын зауыт өнімдері сертификатталған, экологиялық жағынан таза өнімдер.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз