Жарнама
Экономика

ЖАҢА ОРТАЛЫҚ БУЫН АУРУЫН ЕМДЕЙДІ

 

Жаңа орталықтың ашылу рәсіміне қатысқан облыстық индустриялды-инновациялық даму және кәсіпкерлік басқармасының басшысы Лариса Жұмағалиева  «емдеу орны облыс халқының мүддесіне сапалы қызмет көрсетеді» деген ізгі тілегін білдірді. Ол бұдан кейін Мәскеуден арнайы келген С.Бубновскийдің ұлы, профессор Михаил Бубновский екеуі орталықтың тұсаукесер лентасын қиды.

Үш қабатты медицина орталығының С.Бубновскийдің есімімен аталуы тектен-тек емес. Медицина ғылымдарының докторы, профессор Сергей Бубновскийдің есімі алыс, жақын  шетелдерге кеңінен танымал. ТМД елдерінде оның әдісі бойынша көптеген мекемелер жұмыс істейді. Бұрын мұндай орталық Қазақстанның он төрт қаласында болса, енді Атырауда да ашылып отыр. Бұл дәрігердің өзге әріптестерінен ерекшелігі, ол бұдан 25 жыл бұрын науқастардың ауруынан айығып кетуі үшін түрлі физикалық жаттығуды ойлап тапқан. Яғни, омыртқа, остеохондроз, қол, аяқ, бетбейне, басқа да күрделі ауруларды ешбір дәрісіз, отасыз емдейді. Бұл емдеу тәсілі науқастың толыққанды сауығып,  ұзақ өмір сүруіне орасан зор мүмкіндік беруде. 

Ауруына шипа іздеген науқастардың басқа қалаларға  бармай-ақ, енді Атырауда жаңа ашылған осы орталықта емделіп, сауығып шығуына мүмкіндігі бар. Мұнда арқа омыртқаның қисаюы, остеохондроз бен тізе-буынның  қимылдарын оңалтуға арналған физикалық жаттығулардың түрі мол. Сауна, массаж бөлмесі, жаттықтыру  залы  бар. Суықпен емдеу де жолға қойылған. Тек сүйек-буын ауруларын емдеп қана қоймай, қан қысымын қалпына келтіруге де болады.  Бес-алты қабылдаудан кейін оң өзгерістер байқалмақ. Бұл орайда әдіскерлер пациенттерге қай бағыт бойынша емделу керек екенінен кеңес береді.

Сонымен,  Атырау қаласындағы М.Өтемісов көшесінің 120 «А» ғимаратында орналасқан  жаңа медициналық орталық аймақ халқының денсаулығын  жақсартуға қызмет етпек. 

Ғайнолла ЗИНУЛЛИН. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button