Жарнама
Экономика

Төтенше жағдай режимі: азық-түлікке шекті баға мөлшері бекітіледі

Өңірде төтенше жағдай жарияланғаннан бері кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына №31 және №35 учаскелер, яғни, «Атырау» шағынуданы-2 маңындағы темір жолынан бастап, Атырау қаласы әкімдігі маңына дейін 5,4 шақырым жағалауын бекіту жұмыстары тапсырылған болатын.
Басқарма «Казахдорстрой» ЖШС, «Казсервисгрупп» ЖШС мердігер мекемелері, мемлекеттік мекеме ұжымдары, еріктілер және сарбаздардың күшімен жағалауды бекіту шараларын бастап кетті. Яғни, бал соғылып, қапталған қапшықтар орнатылуда.


Тағы бір маңызды мәселе — әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде. Қазір облыс әкімдігінің төтенше жағдай кезеңінде рұқсат етілген шекті баға мөлшерін бекіту қаулысы дайындалып, ашық деректер порталында талқылану сатысында.
Сондай-ақ, қала аумағындағы 15-ке жуық азық-түлік тауарларын сататын ірі және шағын кәсіпкерлік субъектілері, базар, супермаркеттер басшыларының қатысуымен жиын өткізілді. Кездесу барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу, барлық сауда нысанының штаттық режимде жұмыс жасауын қамтамасыз ету жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кәсіпкерлердің проблемалық мәселелері талқыланды.
Жағалауларды бекіту шаралары басталған сәтте қаламыздағы ресторан, кафе иелері жұмыс жасап жүрген еріктілер мен тұрғындарды ыстық тамақпен қамтамасыз етіп демеушілік көрсетті.
Облыс орталығындағы 10-нан астам кәсіпорын, кәсіпкер тарапынан түрлі азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек, тұрмыстық бұйымдар, құрал жабдықтар табысталып, гуманитарлық көмек көрсетілуде.


Басқарманың ұсынысымен тоқтап тұрған «Полимер Продакшн» ЖШС кәсіпорны іске қосылып, демеушілікпен 1 млн. дана қапшық жасап беру келісіміне келді. Бүгінде 200 мыңға жуық қапшық өндіріліп, Атырау қаласы әкімдігіне тапсырылып, жұмыстар жалғасуда.
Қазір басқарма басшысының орынбасары Жылыой ауданы Құлсары қаласын су басуына байланысты тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету және кәсіпкерлерге келген шығындар мәселелерін үйлестіру жұмыстарын жүргізу үшін іссапарға жолданды.
Полымбет ХАСАНОВ,
облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп
басқармасының басшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button