ҚҰСТЫҢ ДА ПАЙДАСЫ МОЛ

Соңғы жылдары Атырауда құс өсіру шаруашылығына ерекше қызығушылық пайда бола бастады. Құс шаруашылығының облыста дамуына өзіндік үлесін қосып жүргендердің бірі – кәсіпкер Ержан Қуанышев. Ол биыл Аққыстау ауылынан екі гектар жер аумағын жалға алып, үйрек-қаз өсіруді қолға алды. Бұдан бөлек, Ержан Жұмыскер ауылынан 50 орындық монша да ашып алған.

 

– Бала кезімде Исатай ауданындағы қазіргі Хамит Ерғалиев ауылына жиі баратын едім. Онда нағашы атам мен әжеме мал бағу жұмыстарына қолғабыс етіп жүрдім. Егер табыс көзін таба білсең, қазірде ауылда мүмкіндік мол. Сондықтан, бала кездегі арманымды орындап, биыл өз қаржыма Ресейдің Орынбор қаласынан 80 қаз бен 30 үйректің балапанын сатып алып келдім. Жалға алған жердің Боқсақ каналына жақындығын пайдаланып, қияр, қызанақ, қауын, қарбыз ектім. Сөйтіп, егін өнімдерін сатуға шығарып, пайдаға кенелдім. Алдағы уақытта түбегейлі құс етін сатумен айналысқым келеді. Құстың еті мен майы, қауырсыны мен мамығы адам ағзасына өте пайдалы. Ал, қаз майының үсік пен күйікті емдеуге шипасы мол, – дейді Ержан.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз