АҚМАРАЛДЫҢ ӘН ЖҮЛДЕСІ

Қызылорда облысында XX ғасырдағы қазақ өнері мен мәдениетінің аса көрнекті өкілі, әнші, жыршы, сазгер Нартай Бекежанұлының 125 жылдық мерейтойына орай оның шығармашылығын насихаттау, жас ұрпақтың ұлттық дәстүрлі өнерге деген ынта-ықыласын ояту  мақсатында «Өздерің білер Нартаймын» атты республикалық әнші-жыршылардың байқауы өтті.

 

Дүбірлі додаға   халықтық «Ақ Ерке–Жайық» фольклорлық этнографиялық ән-би ансамблінің және Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық ұлт-аспаптар оркестрінің жеке солисі Ақмарал Ноғайбаева қатысып, І орынды иеленіп, үлкен жеңіспен оралды.

Бұл – Ақмаралдың бірінші жеңісі емес. Бұдан бұрын да ол бірнеше республикалық, халықаралық байқау-фестивальдің  бас жүлдесін иеленген еді.

Құлақ құрышын қандырып, көрермендерді киелі өнердің кәусар бұлағымен сусындатып жүрген  өнерпазды тағы бір айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз.

 

Нәзира ӘШІМ, Атырау облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының маманы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз