
Теңізден шығарылатын газ толықтай Қазақстанның ішкі нарығына жеткізілуде
Атырауда ХІІ «Қазмұнайгазсервис-2025» жыл сайынғы конференциясы өтті, онда еліміздің мұнай-газ кен орындарының ірі операторларының өкілдері, экономикалық және энергетикалық салалардың сарапшылары жиналды.

Талқыланған тақырыптардың бірі Қазақстанның мұнай-химия саласы болды. ТШО бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесіновтің айтуынша, ТШО еліміздің мұнай-химиясының дамуына өз үлесін қосуда.
–Еліміздің мұнай-химия өнеркәсібі үшін де, Қазақстанның ішкі мұқтаждықтары үшін де шикізат жеткізу есебінен Қазақстан Республикасының газға артып келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуде ТШО жетекші рөл атқаруды жалғастыруда. ТШО-да бар құрғақ газдың барлық көлемі ішкі нарыққа жеткізіледі, — деп атап өтті «Теңізшевройл» бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың басында «QazaqGaz «ҰК» АҚ мен ТШО арасында Қазақстанның ішкі нарығына тауарлық газдың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету үшін газды сатып алу-сату шартына қол қойылды. Сондай-ақ, Энергетика министрлігімен 2025 жылы 240 000 тонна сұйытылған көмірсутек газын жеткізуге қатысты өзара ынтымақтастық туралы меморандумның мерзімі ұзартылды.
Бұдан басқа, ТШО жаңа қазақстандық полипропилен өндіру зауыты үшін пропан шикізатын жеткізуші болып табылады, сондай-ақ, Атырау облысындағы газ өңдеу зауытына жылына 9 млрд текше метрге дейін құрғақ газ жеткізуге KMG Petrochem-мен келісім шеңберінде жоспарланып отырған Бутадиен, этан өндіретін зауыт үшін бутанды полиэтилен өндіру зауытына жеткізу туралы келісімге қол қойды.
«Қазмұнайгазсервис-2025» жыл сайынғы конференциясын өткізу ТШО мен оның бизнес-серіктестері үшін жақсы дәстүрге айналды. Іс-шара ТШО-мен ынтымақтастық мәселелерінде сенім мен айқындықты нығайту үшін нарықпен ашық диалог жүргізуге мүмкіндік береді.