Атырауда 37 елді мекенде 249 шақырым жол салынып, жөнделді (+ИНФОГРАФИКА)

2d29fb55 0b4b 481e 9a6f 23986909df36 1024x576 1 Жаңалықтар

Атырау облысында​ былтыр 37 елді мекенде 249 шақырым жол салынып, жөнделді.

«Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

436f906d cb69 40aa b7c7 1b26c1c8ec39

«Облыс бойынша, 270 шақырым жол салынып, реконструкциялау мен жөндеуден өтті.​

Биыл Жаңа Қаратон, Аққыстау елді мекендеріндегі ауылішілік жолдар қайта жаңғыртылады. Қызылқоға ауданы орталығында ішкі автокөлік жолдарын күрделі жөндеу мен жаяу жүргінші жолдарын салу, Махамбет ауданы Таңдай ауылының автокөлік жолдарын күрделі жөндеу басталады.

Республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Атырау – Астрахан» автомобиль жолын жаңғырту жалғасады» деп атап өтті Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Қазіргі таңда облыстық және аудандық жолдардың 61%-ы қанағаттанарлық деңгейде. Биыл бұл көрсеткішті 66%-ға жеткізу жоспарланып отыр.​

Еске сала кетелік, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн форматта есеп беруде. Әкім есебі «Каспиан ньюс», «Атырау» каналдарында тікелей эфирде, atyrau.gov.kz сайты және әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында көрсетілуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз