Жарнама
Экономика

Теңіз кен орнында Үшінші буын зауытынан алғашқы мұнай өндірілді

Chevron корпорациясының еншілес компаниясы «Теңізшевройл» ЖШС Қазақстандағы Теңіз кен орнында Келешек кеңею жобасы аясында мұнай өндіруді сәтті бастағанын хабарлады.

ТШО мәліметінше, жаңа Үшінші буын зауытында мұнай өндіру іске қосылып, бұл жоба үшін маңызды кезең болып отыр. Алдағы айларда өндіріс көлемі біртіндеп ұлғайып, Теңіз кен орнындағы мұнай өндірісін жылына қосымша 12 миллион тоннаға арттыру жоспарланған.

Келешек кеңею жобасы аясында жергілікті тауарлар мен қызметтерге 19,5 миллиард доллар инвестиция құйылып, 90 мың жаңа жұмыс орны ашылғаны атап өтілді. Сондай-ақ жоба барысында 37 500 маман арнайы оқытылып, елдің кадрлық әлеуетін дамытуға елеулі үлес қосылды.

Бұл бастама Қазақстанның энергетикалық әлеуетін нығайтып, ел экономикасының дамуына серпін бермек.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button