КӨКТЕМГІ ТАРТЫМ: Атырауда мың тоннаға жуық балық артық ауланды (+ФОТО)

balykoktem 6 Жаңалықтар

Аtr.kz/1 маусым, 2020 жыл. Атырауда биылғы көктемгі тартымда 6,5 мың тоннаға жуық балық ауланды.

Нақтылап айтсақ, барлығы 6492 тонна балық ауланып, белгіленген лимит 87 пайызға игерілді.​ Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының ақпаратына сүйенсек, көктемгі балық аулау маусымына Жайық-Каспий бассейні бойынша 7434 тонна квота бөлінген екен (Каспий теңізінен – 3190, Жайық өзенінен – 2223, Қиғаш өзенінен – 2021 тонна).​

Балық шаруашылығы басқармасында аталып өткендей, өткен жылмен салыстырғанда кәсіпшілік балық аулау көлемі 794 тоннаға өскені байқалады былтыр – 5698 тонна).​

Сондай-ақ, биыл ауланған балықтың 5000 тоннасы өңделіп, 4069 тоннасы Ресей, Украина, Әзірбайжан және Израиль елдеріне экспортталды.​

Қазіргі уақытта Атырау аймағында түрлі меншік нысанындағы 18 өндірістік кәсіпорын балық аулау және оны қайта өңдеумен айналысады. Соның екеуі – «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» мен «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» кәсіпорындары.​

Былтыр мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында балық өсіру зауыттары үшін 241 дана бекіре ауланса, биылғы көрсеткіш – 269. Айта кеткен жөн, аталған екі зауыт жыл сайын Каспий теңізіне жасанды жолмен өсірілген 7 миллионнан астам бекіре шабақтарын жіберіп отырады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

balykoktem 1
balykoktem 2
balykoktem 3
balykoktem 5
balykoktem 4
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз