Қазақстандықтарға 42500 теңге төленетін болды ма?

img 20210401 163838 Экономика

«Қазақстан өңірлерінде жекелеген қызмет түрлеріне және қысқа мерзімге, негізінен демалыс күндеріне шектеу шаралары енгізіліп жатыр. Бүгінде бизнесті қолдау ретінде жеңілдіктер (салық және өзге де есептілікті тапсыру, қызметті тексеруге мораторий) енгізілген. Осыған байланысты 42 500 теңге төлемді қайта бастау туралы мәселе қаралмайды», — деп жауап берді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, ТЖ режимі мен карантин кезінде қызметке енгізілген шектеулерге байланысты табысын жоғалтқан тұрғындарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге төленген.

«Бұл жұмыс істейтін азаматтарды қолдаудың бұрын-соңды болмаған шарасы. Жалпы сомасы 476,3 миллиард теңге төлемді 4,6 миллионнан аса адам алды», — деп толықтырды министрлік қызметкерлері.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз