Тұрғын үй көмегі: қалай есептеледі, кімге беріледі?

20170710162026564 big Шаһар шырайы

Елімізде аз қамтылған, қолдауға мұқтаж жандарға мемлекет тарапынан қамқорлық көрсетіледі. Соның бірі – тұрғын үй көмегі.  Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ұлықбек Тналиевтің айтуынша, аймақта мұндай көмекке 750 отбасы ие болып отыр. Тағайындалған тұрғын үй көмегінің мөлшері 28,7 млн. теңгені құрайды. Үйде тәрбиеленетін және оқитын 387 мүгедек балаға 11,2 млн. теңге материалдық көмек тағайындалып, төленген.

20170710162026564_big

Жұртшылық тұрғын үй көмегін өзге жеңілдіктермен шатастырып жатады. Ақиқатында, тұрғын үй көмегі – коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге, тұрғын үйді ұстауға, сондай-ақ, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін кондоминиумның ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалған ақшалай қаражатты мемлекеттің өтеуі. Басқаша айтқанда, егер үйдің шатырын, жылу, сумен жабдықтау жүйесін жөндеуге және өзге де шаруашылыққа ақша жиналса, қамқорлықты қажет ететін жанға жарнасы қайтарылуы мүмкін.

– Облыста аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған жұмыстар атқарылуда. Бұл шаралар аз қамтылған, мемлекет тарапынан қолдауға мұқтаж жандарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмектерге бағытталған бағдарламаларды қамтиды, – дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ұлықбек Тналиев.

Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі Жаңылсын Сидалиеваның пікірінше, тұрғын үй көмегі қалалық мәслихаттың «Атырау қаласында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешімі негізінде аз қамтылған отбасыларға тағайындалады.

Тұрғын үй көмегі мөлшерінің қалай белгіленетініне қатысты сұрақтар көп қойылып жатады.  Жауапты мекемелердің өкілдері оған тұшымды жауап беріп  отыр.  Бұл тұрғынның өзі тұрып жатқан тұрғын үй аумағының әлеуметтік нормасы шегіндегі өтініш берілген айдың алдыңғы тоқсандағы коммуналдық қызметтердің түбіртек-шоттары және отбасына кіретін табыстың 5 пайызының айырмасы ретінде белгіленеді. Ал, күрделі жөндеуден өткен үйлердің тұрғындары үшін коммуналдық қызметтерді тұтынуға, күрделі жөндеуге жұмсаған шығындарының жиынтық табысының 2 пайызының айырмасы есебінде бекітілген.

– Тұрғын үй көмегін есептеудің өзіндік тәртібі бар. Тұрғын өзінің құжаттарын  халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тапсырады. Мәселен, ол бізге қараша айында келді делік. Тұрғын шілде, тамыз, қыркүйек айларының отбасылық кірісін және коммуналдық шығындарының түбіртек-шоттарын тапсырады. Бірінші кезекте отбасының кірісі есептеледі. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін барлық нысанды үйлерде әлеуметтік тұрғын үй ережесі бір адамға пайдалы алаңның 18 шаршы метр, ал, жалғызбасты азаматтар үшін 30 шаршы метр мөлшерінде бекітіледі, – деді әлеуметтік төлем секторының меңгерушісі.

Облыс бойынша ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік саланың 5648 қызметкеріне отын сатып алу үшін 28,2 млн. теңге біржолғы көмек төленіпті. Жергілікті өкілетті орындардың шешімі бойынша мұқтаж жандар санатына жататын 6956 отбасына жалпы сомасы 563,2 млн. теңге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілген. Атырау қаласында тұрғын үй көмегіне жергілікті бюджеттен 21,5 млн. теңге бөлініп отыр. Биыл он айда 535 отбасының 1055 алушысына 20,4 млн. теңге тағайындалып, төленіпті.

–Өткен жылдың он айында 499 отбасының 996 алушысына 18,5 млн. теңге төленген еді. Биыл оның саны 59 адамға көбейгені белгілі болды, – деді Жаңылсын Сидалиева.

Азамат БАЗАРБАЕВ

 

Көрсетілетін  қызметті  алушы  (немесе нотариалды  куәландырылған  сенімхат бойынша  оның  өкілі)  өтініш  берген  кезде мемлекеттік  қызмет  көрсету  үшін  қажетті құжаттардың  тізбесі:

Мемлекеттік корпорацияға

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті  алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады);

Отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді қоспағанда);

Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

Коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

Телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз