Экономика

«ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ – ЖҮЛДЕНІ ҰТЫП АЛ!»

Облыстың әр тұрғыны жинаған осы түбіртектерін Атырау қаласындағы «Мұрагер», «Көктем», «Дина», «Насиха», «Тамаша» және «Атырау» сауда үйлерінде, ал аудандарда аймақтық мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында купондарға айырбастай алады. Осы жинаған түбіртектің 10 данасын әкеліп, купон толтыру қажет. Оған өз мәліметтерін көрсетіп, екінші бөлігі сізде қалады, ал бірінші бөлігі ұтысқа қатысады. Ұтыс ай сайын ойналып, қорытындысы келесі айдың басында шығарылып, жеңімпаздар анықталады. Акция алдағы қараша айының 30-на  дейін жалғасады, демек осы кезеңге дейін облыста 7 ойын ойналуы тиіс.

Жеңімпаз жариялы түрде айқындалады. Түбіртектер тек бір рет ұтысқа қатыса алады. Ал, әр айда 10 түбіртек жинаған адамның ұтыстарға қатысуға мүмкіндіктері  бар. Осы  ретте облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті базасында 1  сәуірден бастап 30 сәуірге дейінгі аралықтағы «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» сайысының қорытындысы мамыр айында шығарылып, жеңімпаздарды  марапаттау рәсімі  өтті.

Департамент басшысы Мәди Тәкиев акцияға қатысушылар арасында  бір қала, алты аудан  жеңімпаздарының есімдерін атап, оларды жеңістерімен құттықтап, арнайы марапат жасады. Атап айтқанда, Мақат ауданынан  Борис Новиков, Қызылқоға ауданынан Гүлхан Қалыбек, Махамбет ауданынан  Абзал Ысқақов, Исатай ауданынан Ажар Ғизатова, Индер ауданынан Талғат Қарымсақов департаменттің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Ал, бас жүлдеге тігілген түрлі-түсті теледидарды  Жылыой ауданынан келген Самал Сәттіғұлова еншіледі.

Департамент басшысы  облыс тұрғындарын алдағы айларда ойналатын  осындай ұтысқа белсенділікпен қатысып, жеңімпаз болуға  шақырды.

Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button