СӘТТІЛІККЕ СЕБЕПКЕР – СУБСИДИЯ
— Үстіміздегі жылы көкөніс дақылдарын өндірістік типтегі жылыжайларда өсірген кезде субсидияның орташа көлемі бір гектарға 2,4 млн. теңгеге, фермерлік жылыжайларда бір гектарға 1,8 млн. теңгеге жетті,- дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жауапты қызметкері Марат Бисенғалиев бізбен әңгімесінде.
Субсидиялар алуға жылыжай шаруашылығымен айналысып отырған жеке кәсіпкер Зәмзәгүл Қобландиева ие болды. Ол жылыжайға 0,075 гектар жерге қияр мен қызанақ өсіріп, қиярдан 3 тонна, қызанақтан 1 тонна өнім жинап, тұтынушыларға сатты.
Соның нәтижесінде мемлекет оған 150 000 теңге субсидия қаржысын беріп отыр. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер 0,075 гектарға қияр өскіндерін отырғызды.
Мағрупа ҚАЗИХАН,
Қызылқоға ауданы.
Суреттерде: Қызылқоғалық жеке кәсіпкер Зәмзәгүл Боранғалиқызы Қобландиеваның жылыжайы.