ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕР ЖҮЛДЕСІ

Астана қаласында «Еуразия жұлдыздары» жобасы аясында «Грация» халықаралық фестиваль-конкурсы өтті. Аталған фестиваль-конкурсқа біздің облыстың намысын қорғаушы өнерлі балалар қатысып, бірнеше жүлдемен оралды.

 

Сол жеңімпаздар арасында сырнайшы Бекзат Сәрсенбиев, бейнелеу өнерінен Аманжол Дәулеткереев, ән-терме жанрынан Айгерім Серікқали – бірінші орын, сырнай тартудан Әлия Сәрсенбиева, ән-терме орындаудан Гүлжайна Мұрат, бейнелеу өнерінен Асанәлі Геннадий екінші орын алды.

Фестиваль-конкурс барысында «Қазақстан Республикасында қосымша білім беру ерекшеліктері. Жаңа қоғамда ұлттық өнерді сақтау мен дамыту» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» ұйымдастырылып, ұстаздар арасында да өнер сайысы өткен. Қуанарлығы, еліміздің түкпір-түкпірінен барған ұстаздар арасында бейнелеу пәні мұғалімі Талғат Қисметов үшінші орын иеленді.

Сондай-ақ, облыс балалар музыка мектептерін «Халық әні» мамандығы бойынша бітірушілер арасында «Жас орындаушы» әншілер конкурсы өтті. Осы конкурста Бас жүлдені Әділет Тілеш (ұстазы Г.Хожақова) иемденсе, ұстаздар А.Қуандықова мен Н.Аманбайқызының шәкірттері – Ақнұр Ақылбекқызы мен Ақтоты Айтжанова Алғыс хатпен марапатталды.

Лиза СЕЙТІМОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз