ҚАПШЫҚ ҚАНА шығармаймыз…
ЖЕРГІЛІКТІ ШИКІЗАТТАН ЖАҢА ӨНІМ ШЫҒАРЫЛМАҚ. ЕНДІ ӨҢІРДЕ ТОҚЫМА ЕМЕС ГЕОТЕКСТИЛЬ ӨНДІРІЛМЕКШІ. ОСЫЛАЙША, ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАЖЕТТІ МАТЕРИАЛДАР
ОТАНДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДАН АЛЫНБАҚ. ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ МАҢЫЗДЫ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН «ИНТАГО-ҚАЗАҚСТАН» ЖШС
ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ АЗАМАТ АСЫЛБЕКОВТЫҢ АЙТУЫНША,
ӨНДІРІС ОШАҒЫ АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТА ОРНАЛАСАДЫ.
Бүгінде негізгі цехтың құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталған. Құны 1,5 млрд. теңге тұратын бірегей цехта қойма, өндіріс бөлмелері орналасады. Ал, өнім шығаратын ұзындығы 24 метр, ені 18 метрді құрайтын арнайы құрылғы Қытай
елінен жеткізілмек.
БАСТЫ БАҒЫТ – ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ
Әлемдегі алмағайып кезең ел экономикасын әртараптандырып, басым
бағыттарға баса назар аударуға жол
ашып отыр. Яғни, өндіріске инвестиция
тарту, инновациялық жобаларды қолдау
– бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің
бірі. Әсіресе, қазір мұнай-газ химия
кешендерін дамытуға мемлекет те
мүдделі. Қойнауы құтқа толы қазыналы
өңір бүгінде мұнай өндіріп, оны ше-
телге экспорттаумен шектеліп қалмай,
өңдеу өнеркәсібін дамытуға да ден қоя
бастады.
Осыдан екі жыл бұрын мұнайлы өлкеде іске қо сылған біріккен газхимиялық кешенінің, дәлірек айтқанда, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС-нің полипропилені бүгінде экспортталып қана қоймай, ішкі нарықты да қамтамасыз етіп отыр. Мамандардың пікірінше, Ресеймен
салыстырғанда біздегі бір зауыттың өзі
көршілес мемлекет өндірісінің 40 пайы-
зын құрайды. Тіпті, алып кешеннің өнімі
әлемдегі полипропиленнің 1 пайызына
жетеді. Оның үстіне облыс көлемінде
ғана емес, республика деңгейіндегі
Теңіз шикізатынан өндіріліп жатқан
тұңғыш тауар. Бұрын газды белгіленген
мөлшерде ішкі нарыққа бергеніміз
болмаса, қалғанын сатумен ғана
айналыстық. Енді бизнестің өңдеу
өнеркәсібіне бетбұрғаны байқалады.
– Көп реттерде мемлекет әртүрлі
жобаларға түрлі компанияларды тарта-
ды да, олар аяқсыз қалып жатады. Егер
нормативтік базаларға өзгеріс енгізіп,
заңдылықтарға толықтырулар жасал-
са, бір кәсіпорынның өзі-ақ өндірісін
өркендете алады. Мәселен, тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық саласына
жаңа нормативтер қосылса, еліміздің
барлық облыс, қалалары полипропиленді
алатын болады. Жол төсеу жұмыстары
да солай. Егер заңдылыққа тас жол
салғанда геотекстиль, геоторларды пай-
далануды міндеттесе, жұмыстың көлемі
ұлғайып, сапасы да артады. Екінші
жағынан, геотекстиль зауыты пайда бо-
лар еді. Ал, оған қажетті шикізат – по-
липропилен өзімізден шықпай ма?
Ауыл шаруашылығы министрлігі
тамшылатып суару әдісін барлық
шаруашылықтарға енгізуді қатаң
бақылауға алса, оның да жыл сайын ауы-
стырылатын қажетті жабдықтары поли-
пропиленнен жасалады. Өзбекстанмен
салыстырсақ, олар 1 млн. 750 мың гек-
тар жерге тамшылатып суару тәсілін
қолданып отыр.
Полипропилен дегеніміз – медицина,
бір рет қолданылатын шприцтер және
тағы басқа құралдар. Көпшілік бізден
тек пластмасса шелек пен қапшық қана
шығады деп ойлайды. Ал, нормативтерді
жаңартсақ, бизнестің бұл салаға инве-
стиция құяры сөзсіз,-деген еді бізбен
әңгімесінде «Kazakhstan Petrochemical
Industries Inc» ЖШС бас директор-
басқарма төрағасы Данияр Тиесов.
Осылайша, полипропиленнің
нарықт ағы үле сі артып келеді.
«Kazakhstan Petrochemical Industries
I n c . » ко м п а н и я с ы н ы ң м а р к е —
тинг және сату жөніндегі директо-
ры Данила Могилевцевтың айтуын-
ша, Қазақстандағы полипропилен
нарығы 2022 жылға дейін импортқа
тәуелді болған. Оның үлесі 60-тан 95
пайызға дейін жететін. Ал, КРІ газ-
химия кешені іске қосылған сәттен ба-
стап импортқа тәуелділік айтарлықтай
төмендеп отыр. Бүгінде KPI компа-
ниясы шығаратын полипропилен
маркаларының төртеуі бізде бұрын-
соңды өндірілмеген болып шықты.
Компания жергілікті ғана емес, сондай-
ақ, халықаралық нарық сұранысын өтеу
үшін маркалар портфелін 11-ге дейін
кеңейтуді жоспарлап отырған көрінеді
ЖАҢА ЖОБАНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ НЕДЕ?
Біз бұған дейін де өзіміздің полипропиленнен жаңа өнім
түрлерін шығаруға болатынын көтергенбіз. Сайып келгенде, күнделікті тұтынып жүрген пластмасса ыдыстарымыз бен қаламсабымыз, басқа да тұрмысқа қажетті заттарымыз осы полипропиленнен өндірілетінін айтқан едік. Ол үшін
арнайы экономикалық аймақ аумағында қажетті орындар бар екенін де жазғанбыз. Енді бұл мәселе біртіндеп шешімін
тауып келе жатқандай. Жақында «Интаго-Қазақстан» ЖШС құрылтайшысы Азамат Асылбеков әлеуметтік желіде өндіріс
орнының қызметімен таныстырып, жаңа тауар түрлерін атап көрсетті.
– Мереке күндеріне қарамастан құрылыс алаңында жұмыс жүріп жатыр. Әрине, қарқынды арттыру қажет. Біздің зауытымыз Қарабатандағы арнайы экономикалық аймақта, яғни КРІ зауытының маңында орналасатын болады. Нақтырақ
айтсақ, тоқымалы емес геотекстиль өндіреміз. Ол полиэфирден жасалады. Осының қасында тағы бір зауыт – «Интаго-
Қазақстан-2» жобасы жүзеге асады. Бұл зауытта полипропиленнен геотор шығарылады. Қазір оның негізгі тірегі салынуда. Екінші зауытымыздың ұзындығы 120 метр, ені 18 метрді құрайды, — дей келе Азамат Бисалыұлы жол құрылысына
таптырмас материал – геотекстильдің өзі бірнеше түрге бөлінетінін атап айтты.
Геотекстиль жол төсеген кезде оның әрбір қабаты араласып кетпеуі үшін қолданылады. Оның дренажды, фильтрлейтін ерекшелігі бар. Геотекстиль әмбебап материал болғандықтан, ол әртүрлі салаларда қолданылады.
Автомобиль жолдарын, автотұрақтарды, ұшу-қону жолақтарын, жер үйінділерін салуда және теміржол құрылысында таптырмас құрал болып табылады. Ол
сонымен қатар ландшафты дизайндағы белгілі бір идеяларды жүзеге асыру үшін жазғы коттедждерге де аса қажет. Ал, оны өндіретін зауыт тек Қостанайда ғана бар.
Алайда, оның қуаты еліміздегі сұранысты толық өтеуге жетпейді. Сол себепті, осы өнімнің жылына 10 млн. шаршы метрі көршілес Ресейден импортталады» дейді Азамат Асылбеков.
Өндіріске шикізат болып табылатын полиэфирлі талшықтар Өзбекстаннан алынады екен. Полиэфирлі тоқыма
емес штапельді талшықтар Иран, Ресей, Өзбекстан, Қытай елдерінен жеткізілетін болып шықты. Азамат Асылбеков
мұндай шикізатты өзімізден шығару үшін тағы бір зауыт салынатынын атап айтты.
«Фибратэкс» деп аталатын зауыттың құны 2,5 млрд.теңгені құрайды. Қазірде оған қаржы табу, лизингке құралдар
алу мәселесі шешімін тауып жатыр екен. Бір қызығы, штапель талшыққа шикізат болып кәдімгі пластик бөтелкелер
табылады. Яғни, әрбір атыраулық пластик ыдыстарды бөлек жинауға дағдыланса, жаңа зауытқа шикізат жиналып, қоршаған ортаға да оң әсерін тигізер еді. «Баршамызға белгілі, пластик бөтелкелердің негізі полиэтиленпрофталат
жерге сіңбей 90-100 жылға дейін сақталады. Егер оны қайта өңдесек, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосар едік» дейдітАзамат Асылбеков.
Р.S: Жасыратыны жоқ, бізге қай салада болмасын тауарлардың барлығы дерлік сырттан жеткізіледі. Яғни, импортқа тәуелдіміз. Сондықтан, отандық өндіріске мейлінше қолдау көрсетіп, демеу қажет. Оның үстіне, жергілікті өнімнің бағасы да қолжетімді болары сөзсіз. Демек, озық технологиялардың «құлағында ойнай» отырып, жаңа тауар түрін
шығаратын жергілікті өндірушіге сәттілік пен табыс тілейміз.
Айбөпе САБЫРОВА