20210211175916 75001

Атырауда жылу бағасы қаншаға өсті?

Жаңалықтар Экономика
13 / 100

Атырау облысында жылу тарифі заңды тұлғалар үшін биылдан бастап 8 пайызға өсіп отыр, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.

Сол секілді, «Атырау ЖЭО» АҚ директоры Мақсот Аленовтің айтуынша, бюджеттік мекемелер үшін ағымдағы ақпаннан бастап бірден 42 пайызға жылу құны қымбаттап отыр. Ол мұны «Интергаз Орталық Азия» мекемесінің газ тасымалдау құнын бірден екі есеге өсіріп жіберуімен түсіндіреді.

Кәсіпкерлер бұл туралы хабарландыру берілмегеніне және БАҚ пен әлеуметтік желіде айтылмағанына наразы. Ал, монополистер өз кезегінде бұл мәселеге қатысты қоғамдық тыңдау өткенін айтып ақталуда.

«Былтыр қарашада 153 шаршы метр аумақ үшін 66 942 теңге төледім. желтоқсанда бұл сома 148 117 теңгеге дейін өссе, қаңтарда бірден 360 447 теңгені құрады» дейді жеке кәсіпкер Нұрболат Намазғалиев.

Сондықтан бизнесмен жылыту қызметінен бас тарту жөнінде арыз жолдап қойған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған