«ПАРЫЗ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСЫҢЫЗ!
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.
Конкурсты өткізудің мақсаттары:
1) Жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін, сол секілді тұтас алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру;
2) Осы саладағы қолда бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату.
Конкурстың жеңімпаздарын анықтау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі- Комиссия) шешімі негізінде конкурс лауреаттары атақтары жыл сайын келесі санатта:
1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;
2) ірі кәсіпкерлік субъектісі бойынша беріледі.
Бағдарламалар мен олардың жобаларына үміткерлер дербес және/немесе азаматтық қоғам институттарымен және жергілікті атқарушы органдармен әріптестікте жүзеге асыратын және әлеуметтік салада оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кіреді.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алатын конкурс, Қазақстан Республикасының барлық аумағында өңірлік және республикалық деңгейде келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1. «Үздiк әлеуметтiк жауапты кәсiпорын»
Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтiк бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтiк төлемдердi төлеудi, еңбектi қорғауды, кадрларды кәсiби даярлау мен қайта даярлау жүйесiн ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) iске асыратын үмiткерлердiң қызметi қаралады.
2. «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»
Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін, еңбек жағдайын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады.
3. «Үздiк ұжымдық шарт»
Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердiң еңбек және әлеуметтiк құқықтарын едәуiр жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.
4. «Экологияға қосқан үлесі үшін»
Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын iске асыруда ерекше көзге түскен үмiткерлердiң қызметi қаралады.
Конкурс лауреаттары бұл атақ берілгеннен кейін үш жыл бойы эмблеманы жарнамалық мақсаттарда пайдалану құқығын иеленеді. Белгілі бір номинация бойынша конкурс лауреаты атағын алғаннан кейін екі жыл ішінде оны алуға қайталап ұсынуға жол берілмейді.
Конкурсқа қатысуға:
1) өз қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;
2) таратылу сатысында емес, банкрот деп танылмаған;
3)еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, соның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;
4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары болмаған;
5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталмаған әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;
6) конкурсқа қатысу өтінімінде дәйекті мәліметтерді, сондай-ақ, құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.
Конкурсты өткiзу мерзiмдерi:
Қаңтар — конкурстың басталуы туралы хабарлау;
Жыл сайын 1 қазанға дейін жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссиялардың алдын ала жасаған қорытындыларын және конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін бір данада жолдайды;
Желтоқсан — қорытындылар шығару, жеңімпаздарды марапаттау.
Конкурстың лауреаты атағына үмiткерлер материалдарды жергілікті атқарушы органға екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады, онда:
1) осы ережелерге қосымшаға сәйкес толтырылған өтiнiм;
2) үмiткердiң өз қызметiнiң деңгейiн өзiн-өзi бағалауын және корпоративтiк әлеуметтiк жауапкершiлiгi бойынша нақты нәтижелерiн бiлдiретiн есебi болады;
Үмiткердiң есебiнде:
заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;
ұйымдық құрылымы;
өзге де қосымша ақпарат;
3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшiрмесi және өзге де құжаттар);
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi белгiлеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиiс.
Облыстың кәсіптік құрылымдарын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсына белсенді қатысуыңызды және өзінің әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуды сұраймыз, сонымен қатар, қоғамның әл-ауқатын жақсарту мен жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғауға өз үлесіңізді қосасыз.
Толық мәлімет пен кеңес жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында, мекен-жайы:
Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 31А, №204 кабинет, тел.: 8 (7122)328779, бас-қарма веб-сайтында atyrau.gov.kz немесе Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тел.: 8 (7172) 74-35-11 алуыңызға болады.