ОТАНДЫҚ КӘСІПОРЫНДА БӘРІ ДЕ ТҰРАҚТЫ

Жасыратыны жоқ, «қара алтынға» баланған мұнай бағасының әлемдік деңгейде құлдырап кетуіне байланысты, мұнай-газ секторындағы көптеген халықаралық компаниялар дағдарыстан шығудың түрлі амалдарын жасап бағуда.

 

Ал, біздегі «Ембімұнайгаз» кәсіпорнындағы жағдай қандай? Бұл жайында отандық компания басшылығынан сұрағанымызда, салыстырмалы түрде алаңдауға ешбір негіз жоқтығын, мұнда бәрі де тұрақты, қалыпты екендігін білдік.

Акционерлік қоғам бас директорының жаңа жобалар мен технологиялар жөніндегі орынбасары Әнуар Жақсыбековтің айтуынша, мұнай бағасының күрт төмендегеніне қарамастан, кәсіпорында ең алдымен жұмыс орындарын сақтап қалуға бағыт ұсталынған. Оның үстіне, отандық компания ұжымдық келісім-шартқа енгізілген міндеттемелерін бұрынғысынша толықтай, өткен жылдардағыдан кемітпей орындап шығуды мақсат тұтып отыр.

Енді келешегінен көп үміт күттірмейтін, яғни тиімсіз кәсіпшіліктердің жайына келсек, көп кешіктірмей консервацияланған жеті кен орнын (Ескене, Мақат, Доссор, Комсомол, Бекбике,Сағыз, Таңатар) мемлекет меншігіне қайтару үдерісі қолға алынған. Қазіргі уақытта аталған кеніштерді жойып-тарату жобаларын дайындау шаралары жүргізілуде. Және бір мәлім болғаны, акционерлік қоғам осы жұмыстардың атқарылуына жұмсалатын шығындардың бәрін де өз мойнына алады. Осыған дейін аталған кен алаңдарында жұмыс жасап келген мамандар басқа тұрақты жұмысқа орналастырылыпты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз