ОҚУҒА ЖАЗЫЛУҒА АСЫҒЫҢЫЗ!
Шағын және орта бизнес топ – менеджментіне оқыту:
— Сәтті бизнес құрудың жаңа үлгілерін енгізу;
— Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды тиімді басқару және стратегиялық және тактикалық бизнес – міндеттерді шешу дағдыларын дамытуға бағытталған.
Оқу «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында (Дьюк (АҚШ) университетімен бірлесіп) 3 кезеңмен жүргізіледі:
1 КЕЗЕҢ
30 қатысушыдан құрылған топтардағы үш күндік аудиториялық сабақ.
2 КЕЗЕҢ
Онлайн – семинарлары (Webinars)
3 КЕЗЕҢ
Бизнес – жоспарлар жазу және оларды бағалау.
Қызметін экономиканың басымдықты секторларында жүзеге асырып жүрген шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары және орта буын басшылары оқуға қатыса алады.
Қатысушылар:
— Оқу өткізілетін жерге барып-келу жолын;
— Орынақысын өздері төлейді.
Оқу аяқталғаннан кейін СЕРТИФИКАТ беріледі.
Дәріс алғандар «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша шетелде машықтанудан өту конкурсына қатыса алады.
Оқу кестесі:
www.damu.kz сайттарында орналастырылады.
«Іскерлік байланыстар» жобасы
— Бұл шетелдік әріптестермен іскерлік байланыс және қарым-қатынас орнату мүмкіндігі.
— Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары және орта буын басшыларын оқыту.
Оқу екі кезеңмен жүргізіледі:
1 КЕЗЕҢ
Шетелдік және отандық бизнес – тренерлер мен кеңесшілердің басшылығымен Астана мен Алматы қалаларында өткізілетін 3 апталық курстар.
2 КЕЗЕҢ
Германия мен АҚШ-тағы профильді кәсіпорындарда бір айлық бизнес – машықтану.
Қатысу шарттары мен талаптары
Оқу – ТЕГІН.
Қатысушылар бірінші кезеңде:
— көлік шығындарын және жайларда тұруын өздері төлейді.
Екінші кезеңге:
— Бірінші оқу кезеңінен өткен кәсіпкерлер.
— «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында «ШОБ топ – менеджментін оқыту» курсынан өткен кәсіпкерлер қатыса алады.
Өтінім нысаны мен «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысу шарттары: www.dkb2020.kz, www.damu.kz сайттарына орналастырылады.