Өтемақы көлемі 150 млрд. АҚШ долларын құрады
Қазақстан «Қашағанның» шетелдік инвесторларынан осынша көлемде
өтемақы төлеуді талап етуде. Мұндай хабарды Ulysmedia.kz сайты
халықаралық Bloomberg баспасөз агенттігінің ақпараты бойынша таратты.
Ел үкіметі «Қашаған» кен алаңында «қара алтын» өндірумен айналысып
жатқан шетелдік мұнай компанияларына қатысты сот органдарына осындай
мазмұндағы талап-арызбен шыққан. Осыған дейін өткен төрелік сот отырысында республикамыздың министрлер кабинеті олардан аталған кеніште мұнай өндірісімен байланысты туындаған мәселелердің (жұмыс процесіндегі кідірістерді, техникалық проблемаларды жою, сондай-ақ кен алаңы игеріле бастаған сәттен бері жинақталған артық шығындарды өтеу, т.б.) оң шешілуін қамамасыз ету үшін 15 млрд. АҚШ доллары сомасында өтемақы төлеуін талап ететінін мәлімдеген болатын. Алайда, талап-арызды қарап, мәселенің мән-жайын анықтау барысында
шығындарды қайта есептеу, сөйтіп, шетелдік инвесторлардан қосымша 138 млрд. АҚШ долларын өндіріп алу жөнінде ұйғарымға, талап-арызды өзгертілген
мәтінде қайта ұсынған. Сондай-ақ оның толықтай қанағаттандырылатыны туралы
инвесторлар Қазақстан Үкіметі алдында уәде берген. Алайда, бұл кенішті
игерушілерге жеткізілмеген.
Осы тұста мәселенің мән-жайына назар аударып көрсек, «Қашағандағы»
алғашқы мұнай 2013 жылдың қыркүйек айында, яғни әуелде жоспарланған мерзімнен сегіз жылға кешіктіріліп өндірілген. Сөйтіп, бұл мақсатқа бастапқыда белгіленген бюджеттен 45 мың АҚШ доллары көлемінде қаражат жұмсалған. Өкінішке қарай,
бір айдан соң тұрба құбырының бойында ақаудың табылуы себепті мұндағы
жұмыс тоқтатылып, кеніш жабылған.
Осылайша, теңіз қайраңынан «қара алтын» өндірудің екінші кезеңі үш
жылдан кейін ғана жалғасты. 2016-2017 жылдары кеніште тәулігіне өндірілетін
мұнайдың көлемі 270 мың баррельге дейін жетті. Сол кезде жетекші игеруші
итальяндық Eni компаниясы «Қашағанда» өндірілетін мұнайдың тәуліктік қуаттылығы тәулігіне 1,5 млн. баррельге жетеді деген есеп жасаған. Ал, жобаны
басқарушы «North Caspian Operating Compani» бірлескен кәсіпорны «Қашаған»
өнімін бөлу мәселесіне келгенде, келісімде кейбір даулы тұстардың туындағанын
айтып, мәселені төрелік сотта қарау туралы ұсыныспен шыққан.
Дәулетқали АРУЕВ