Атырауда алпыс жаңа аялдама орнатылмақ

2018 08 09 103316769200 Жаңалықтар

Олардың жартысы қала маңындағы ауылдық округтерінде шоғырланатын болады, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

?????????????????????????????????????????????????????????

Бұл туралы бүгін, 24-қаңтарда Қайыршақты ауылдық округінің әкімінің тұрғындар алдындағы есебінде Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы мәлімдеді.– Біз 60 автобус аялдамасын сатып алуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, олардың 30-ы облыс орталығында, екінші жартысы ауылдық округтерде қойылатын болады. Көптеген жергілікті тұрғындардың сұранысы бойынша, жылы аялдамаларды сатып алу жоспарланып отыр», – дейді Алимухаммед Құттұмұратұлы.

Айта кетейік, 2018 жылы Атырау қаласында үш орталық көшелерін кеңейту және жетілдіру жобасы аясында 23 жаңа автобус аялдамалары орнатылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз