Өңірдегі қаржы министрлігінің қызметкерлерімен кездесуі өткізілді

1c77b385 1677 4b78 94b7 80a2cfba46c8 Экономика

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің мемлекетік қызметшілеріне Өңірлік кадрлық резервіне іріктеу және мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар бойынша ақпараттық-түсіндірме бағытындағы кездесу өткізілді.

Іс-шара барысында Департамент басшысы Ерлан Ермаханбетовпен өңірлік кадрлық резерві жобасына іріктеудің талаптары мен тәртібі түсіндірілді.

Осы орайда, Өңірлік кадрлық резервтің басты мақсатты- өңірдегі талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар, жас басқарушылардың тобына қалыптастыру екенін баяндап, жиынға қатысқан барша жастарды Іріктеуге белсене қатысуға шақырды.

Атап өту қажет, Іріктеуге:

35 жастан аспаған;

жоғары білімді;

3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Кандидаттардың құжаттарын қабылдау 1-31 наурыз аралығында onir.pkrezerv.gov.kz. сайтында жүзеге асырылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз