Атыраулық кәсіпкерлер үшін мемлекеттік грант ойнатылады!

kasipkerlik Жаңалықтар

Аtr.kz/6 мамыр, 2019 жыл. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік грант бойынша конкурс өткізілмек.

Оған қатысу үшін өтінім берілетін жер: Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы. Сонымен қатар, eatyrau.kz порталына онлайн өтінім беруге де болады.

Орналасқан жері: Атырау қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы 79;
Пошталық мекен-жайы: 060011;
Электронды мекен-жайы: atyrauobl_upp@mail.ru;
Байланыс телефоны: 8/7122/520056, 520238
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2019 ж. «20» мамырдан бастап 2019 ж. «24» мамыр аралығында, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақытпен).
Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2019 ж. «20» мамыр сағат 10.00 (жергілікті уақытпен)
Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2019 ж. «24» мамыр сағат 15.00 (жергілікті уақытпен)
Түскі үзіліс: 13:00 – 14:30 дейін.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз