Жарнама
ЭкономикаСарапTime

Мұнай меридианы өтетін өлке

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА МҰНАЙ ӨНДІРУ 1991 ЖЫЛҒЫ 25,2 МИЛЛИОН ТОННАДАН БАСТАЛҒАН «ҚАРА АЛТЫН» ТАСҚЫНЫ 2019 ЖЫЛЫ 90,5 МИЛЛИОН ТОННАҒА ДЕЙІН ӨСТІ. ҮШ ЖАРЫМ ЕСЕ КӨРСЕТКІШ!.. СӨЙТІП, ЕЛІМІЗ МҰНАЙ ӨНДІРУ БОЙЫНША ӘЛЕМДЕГІ 15 ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛЫП ОТЫР. ОСЫНАУ ОРАСАН ЖЕТІСТІКТЕ МҰНАЙЛЫ АТЫРАУ ӨҢІРІНІҢ ДЕ ӨЗІНДІК ҮЛЕСІ БАР.

Мұнай-газ саласындағы ең айтулы оқиға «Қашаған» кенішінің ашылуы болды. Кен орнын тәжірибелік игеру 2016 жылы басталды. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң «қара алтын» өндіру тәулігіне 400 000 баррельге дейін, яғни ең жоғары деңгейге жетті. Бүгінде әлемдік мұнай нарығында айрықша орны бар Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ секілді ірі кеніштердегі өндіріс қуатын арттыру мақсатында көптеген инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Мұнайг а з с а л а с ы н ы ң и н в е с т и ц и я л ы қ т а р т ы м д ы л ы ғ ы н а р т т ы р у ж ә н е ресурстық базаны толықтыру үшін заңнамалық реформалар жүргізіліп, жаңа Салық кодексі мен Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс қабылданды. Осы кодекстер шеңберінде геологиялық барлауды ы н т а л а н д ы р у , ж е р қ о й н а у ы н пайдалану құқығын беру тәртібін жеңілдету, келісім-шарттар, жобалық құжаттар және есептілікті келісу рәсімдерін жеңілдету нормалары бар. Бұл – ел экономикасының күретамыры саналатын саланың жедел дамуына ықпал етіп келеді. Енді осы тақырыпты ретімен жіліктеп көрейік.

ӨҢДЕЛГЕН ӨНІМ ӨТІМДІ

2018 жылы Қазақстан бойынша отандық мұнай өңдеу зауыттарын реконструкциялау және жаңғыртудың кешенді бағдарламасы аяқталды. Атырау мұнай өңдеу және Павлодар мұнай-химия зауыттарын жаңғырту 2017 жылы, Шымкент мұнай өңдеу зауыты 2018 жылы аяқталды. Жаңғырту нәтижесінде ашық түсті мұнай өнімдерінің өндірісі артып, бензин – 2 еседен астам, авиакеросин – 3 есе, дизельдік отын – 1,3 есеге көбейді. Бұл ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызды. Нәтижесінде бұған дейін мұнай өнімдерін көршілес елдерден импорттаған Қазақстан 2019 жылдан бастап автокөлік бензинінің таза экспортеріне айналды. Тәуелсіздік жылдарында мұнай тасымалының экспорттық бағыттарын қарастыру және кеңейту бойынша 4 кешенді жоба жүзеге асты. Олар: «Каспий құбыр консорциумының» (КҚК) мұнай құбыры (2001 ж.); «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры (2004 ж. маусымы); «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры (2006 ж. шілдесі); «Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай құбыры (2009 ж. қазан). Жаңа құбырлар еуропалық нарықтағы тұтынушылар мен шығыстағы алып көршіміз – Қытайға, сондай-ақ Орталық Азия елдеріне мұнай экспортының техникалық мүмкіндіктерін арттырды. Соңғы 20 жылда Қазақстан мұнай экспортын 15 миллион тоннадан – 100 миллион тоннаға дейін жеткізуге қол жеткізді. 2018 жылы Каспий құбыр консорциумының (КҚК) мұнай құбырын кеңейту жобасы аяқталды. Сол арқылы Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарының мұнайын экспорттау үшін ең қысқа жол айқындалып, ең қолайлы экономикалық жағдайлар жасалды. Теңіз және Қашаған кен орындарында мұнай өндірудің ұлғаюына байланысты «КҚК» акционерлері 2019 жылы Қазақстан учаскесіндегі құбырдың мұнай өткізу қуатын жылына 72,5 млн. тоннаға, оның ішінде Теңіз бойынша 43,5 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға шешім қабылдады. Сонымен қатар, еліміздің Ресей Федерациясынан Қытайға және Орталық Азия елдеріне мұнай жеткізу бойынша транзиттік әлеуеті артып келеді, қазір Қазақстан арқылы жылына 10 млн. тоннадан астам транзиттік «қара алтын» тасымалданады. Мысалы, «Қазақстан-Қытай» құбырын іске қосу арқылы еліміз мұнайгаз экспорттаудағы саясатын әртараптандыруға мүмкіндік алады. Екі ел арасындағы «қара алтын» тасымалын қамтамасыз ететін құбырдың жалпы ұзындығы 2834 шақырымнан асады. Бүгінде құбыр құрылысы кезеңкезеңімен жүзеге асып жатыр. Жоба толық аяқталғанда экспорт пен ішкі нарық қажеттіліктерінің өсуіне орай, құбырдың өткізу қуаты жылына 20 млн. тоннаға дейін жетпекші. Сондай-ақ, республика ішіндегі көмірсутегі шикізатын жеткізу бағыттарын жақсарту аясында «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырын қайтадан кеңейту жобасы жүзеге асырылуда. Қайта жарақтандырылған құбыр мұнай тасымалын қазіргі 1 миллион тоннадан жылына 6 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Павлодар мен Шымкенттегі зауыттарға шикі мұнайдың 80-90 пайызын Ақтөбе және Қызылорда облыстарының мұнай өндіруші компаниялары беріп тұр. Сондықтан, бұл жобаның стратегиялық маңызы ішкі нарыққа мұнай жеткізу мен жоғарыда аталған кен орындарының экспортындағы теңгерімсіздікті азайту, сондай-ақ болашақта екі мұнай өңдеу зауытына мұнай көлемінің тұрақты жүктелуін қамтамасыз етуде ролі айрықша.

«КӨГІЛДІР ОТЫННЫҢ» ҰТЫМДЫЛЫҒЫ

Қазақстандағы газ өндірудің 75 пайыздан астамы Қарашығанақ, Қашаған және Теңіз жобалары есебінен қамтамасыз етіледі. Өткен жылы республикадағы мұнай-газ өндіруші кәсіпорындардың газ өндіру көлемі – 55,1 млрд. текше метр, бұл 1991 жылғы газ өндіру деңгейінен (7,1 млрд.) жеті еседен астам жоғары. Газ ресурстарын ұтымды пайдалану және экологиялық жүктемені азайту мақсатында Энергетика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Үкіметтің қолдауымен заңнамалық базаны жетілдіру және дамыту бойынша жасалған жұмыс газ ресурстарын тиімді пайдалануды арттыруға мүмкіндік берді. Бұл – ілеспе газды кәдеге жарату мәселелерін шешуде жер қойнауын пайдаланушылардың жауапкершілігін арттыруға жасалған қадам. Бұған дейін көптеген кеніштер ілеспе газды алаулар арқылы жағып келді. Оның экологиялық та, экономикалық та зардабы орасан екені белгілі. 2006 жылдан күні бүгінге дейін ауада жағу көлемі 3,1-ден 0,4 млрд. текше метрге дейін қысқарған, яғни газ өндірудің көлемін 55,1 млрд. м³-ге дейін ұлғайтуға жағдай жасады. Сөйтіп, жылына 2,7 млрд. текше метр табиғат байлығын игеруге қол жеткіздік. Бүгінде облыс тұрғындарының 98,8 пайызы «көгілдір отынның» игілігін көріп отыр. Әсіресе, қиырдағы Қызылқоға ауданын табиғи газ желісіне қосу сол өңірдің халқы үшін зор қуаныш болды. 2012-2015 жылдары жобалық құны 9 млрд. теңгеден асатын Азғыр өңіріне де газ құбыры тартылды. Бұл өңір тұрғындарының көптеген әлеуметтік мәселелерін оң шешуге, шағын және орта бизнестің дамуына соны серпін берді.

АЭА: БҰЛ – НЕ?

Мұнай-химия өнеркәсібіндегі инвестициялық жобаларды табысты і с к е а с ы р у д ы қ а м т а м а с ы з е т у және инвестицияларды тарту үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2007 жылы «Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы (АЭА) Атырау облысында құрылды. Ол жоба 2033 жылға дейін есептелген, демек әлі 10 жылдан астам уақыт бар. Жалпы ауданы 3476 гектарлық технопарктің құрамына «Қарабатан» учаскесі бойынша – негізгі мұнайхимия салаларының өндірісі бойынша зауыттар, «Теңіз» учаскесі бойынша – Теңізден Қарабатанға дейін этан құбыры бар газ бөлу қондырғысы, Атырау қаласындағы «Технопарк» учаскесі бойынша – тұрмыстық және өндірістік мақсаттағы дайын өнім өндіруге арналған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің индустриалды паркі кіреді. АЭА шеңберінде корпоративтік табыс және жер салығы, мүлік және қосылған құн салығы бойынша салықтық жеңілдіктер бар.Шетелдерден тасымалданатын (импортталатын) технологиялар, жабдықтар, аспаптар мен материалдарға кедендік баж с а л ы ғ ы н т ө л е у г е ж е ң і л д і к т е р қарастырылған. Жаңа аймақ үшін қажетті инфрақұрылым салынып, алды пайдалануға беріле бастады. Оның ішінде кірме темір жолдар мен автомобиль жолдары құрылысы, жалпы инженерлік желілер мен басқа да жалпы зауыттық сипаттағы қажетті инфрақұрылымдық нысандар бар. Сондай-ақ, қуаты 310 МВт газ турбиналық электр станциясы іске қосылды. Қарабатандағы электр станциясы болашақ өндіріс орындары мен облыс орталығының ішінара электр қуатына деген қажетін өтеуге арналған. Өндірісті су мен қамту үшін осы заманғы ең озық технологияға негізделген су тазарту қондырғысының құрылысы басталды. Бүгінгі таңда АЭА аумағында 10 жоба бар. Оның екеуі іске қосылды, тағы екі жоба – су тазарту қондырғысы және полипропилен өндірісінің құрылысы жүріп жатыр. Тағы 6 жобаның құжаттары дайындалуда, о л а р – п о л и э т и л е н ө н д і р у , полиэтилентерефталат, метанол және олефин, каустикалық сода және пропан, бутан және синтетикалық табиғи газ үшін газды фракциялау қондырғысы. Бұл жобалар жүзеге асқанда қосымша 12 мыңнан астам жұмыс орны ашылуы тиіс. Сондай-ақ, еліміздегі көмірсутегі шикізатының 65 пайызы шоғырланған Атырау өңірінде өз өнімін өзі өңдейтін қуатты мұнай-газ кешені құрылады. Мұнай-газ өнеркәсібінің өркендеуі басқа салалардың дамуына да жетекші болуы тиіс. Атырау облысындағы өңдеуші компаниялардың қатары артуы қосымша жүздеген өндіріс ошақтарының пайда болуына ықпал етеді. Ол дегеніміз: тек қана шикізат өндіруші елден өңдеуші мемлекет құрып, өркениетке бет алған еліміз үшін жаңа белестер болмақ.

Арыстанбек КЕНЖЕ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button