Жарнама
Экономика

Мұнай бағасы қымбаттауда: Қазақстан экспортына әсері қандай?

Жыл басталғалы құбылған қара алтын құны соңғы аптада өсімін жалғастыруда. Бүгінде Brent маркасының бір баррелі 76 доллардан асып, екі аптада шамамен 3%-ға қымбаттады. Ал WTI маркасы 72 доллар 12 центке саудаланып жатыр.

Ашық дереккөздердегі мәліметтерге сүйенсек, мұнай нарығындағы бұл оң серпін АҚШ-тағы шикізат қорының артуымен және жаһандық геосаяси шиеленістермен байланысты. Әсіресе, қара алтын тасымалындағы қиындықтар бағаның шарықтауына ықпал етуде.

Қазақстан үшін бұл жағдайдың маңызы зор. Өйткені ел мұнайы жөнелтілетін құбырлардың біріне жасалған шабуылдан кейін экспорт көлемі күрт қысқарды.

Бек АЙДАРӘЛИ

Сурет: atr.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button