МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АУДАНДА

img 20220422 wa0038 Экономика

21 сәуір күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов іс-сапармен болып, Миялы ауылында тұрғындармен кездесті.

Су тасқыны кезінде «Миялы-Қарабау-Индер» автокөлік тас жолының жырылған жерінде өткен жүздесуде аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев Ойыл өзенінің ағу бағыты, су тасқыны кезінде атқарылған жұмыстармен таныстырып, бүгінгі таңда тасқын судың беті қайтуына байланысты жырылған жолдың тұсынан қатынас үшін уақытша айналма жол салынып жатқанын, алдағы уақытта жырылған жерге бұрынғыдай тұрба салдырмай, мал өткелек бетондар салуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындары Хамидолла Әбдірахманов, Мәлік Сүлейменов, Есенбай Нұров, Зейнолла Баймұратов өз пікірлерін айтты.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов та жоғарыдағы заңсыз бөгеттердің бұзылуы қадағалауда болатынын, тас жолдың жырылған жерін, су келген уақытта қауіп төндіретін жерлерді нақтылап, жөндеу қажеттілігін жеткізді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз