Жарнама
Экономика

Мақатта көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері жаңартылуда

Мақат ауданында халық игілігі үшін қолға алынған жүйелі жұмыстардың бірі – тұрғын үйлердің сыртқы келбетін жаңарту. Бұл бастама ауданның келбетін көркейтіп қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталып отыр.

Атап айтқанда, Мақат кентіндегі Алаш көшесінде орналасқан №80/2, 80/7 және С.Мұқашев көшесіндегі №80/5 көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері заманауи талаптарға сай жөнделді. Жаңартылған қасбеттер ғимараттарға жаңа келбет сыйлап, көше бойына ерекше сән беруде.

Аталған жұмыстар тек сыртқы әрлеу шарасы емес, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру жолындағы нақты іс-шаралардың бірі ретінде жүзеге асырылып отыр. Сонымен қатар бұл бастамалар жергілікті құрылыс секторын ынталандырып, жұмыс орындарының ашылуына да ықпал етуде. Құрылыс және жөндеу жұмыстарына жергілікті мердігер компаниялар мен жұмысшылар тартылып, экономикалық белсенділік арта түсті.

Мұндай жобалар – шағын және орта бизнес субъектілерінің дамуына да серпін береді. Материалдар жеткізу, қызмет көрсету салаларындағы жергілікті кәсіпкерлердің табысы артып, аудандық экономиканың тұрақты дамуына ықпал етіп отыр.

Мақат ауданында алдағы уақытта да инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасын тауып, ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға үлес қоса бермек.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button