Атырау облысында 7 357 адам жұмыспен қамтылды

unnamed file 10 Жаңалықтар

«Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде аймақта барлығы 64 жоба жүзеге асырылып жатыр. Аталған жобалар 7 357 адамның жұмыспен қамтылуына мүмкіндік беріп отыр» деп хабарлайды Atr.kz

Оның  ішінде 14 жобада жұмыстар аяқталды. Жалпы алғанда, Атырау облысы бойынша, 31 әлеуметтік-мәдени, 15 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, 16 инженерлік-көлік инфрақұрылым нысандарын жөндеу және 2 елді мекенді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жобалар мұнайлы өңір бойынша   7 357 адамның жұмыспен қамтылуына мүмкіндік беріп отыр. Ал, «Еңбек» бағдарламасы облыс бойынша 24 965 адамды қамтыған болатын. Бұл өткен жылдың он бір айы бойынша статистикалық мәлімет екендігін еске сала кетелік.

img 20201229 wa0097 1
img 20201229 wa0098
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз