«ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ

1 миллиард 843 миллион теңге. 2005 жылдан бастап «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының жергілікті филиалы арқылы Атырау облысына түскен инвестициялар көлемі осындай болды. Осы қаржыға Атырауда 265,6 млн. теңге сомасын 23 несие алушыларына табыстады. Олардың ішінде тек техниканы сатып алу құны 170,2 млн. теңгені құрады. «ҚазАгроҚаржы» инвестицияларынан облыс орталығы тұрғындарына қуаттылығы жылына 3 650 дананы құрайтын нан және нан-тоқаш өнімдерін шығаратын өндіріс қолға алынды. Осы жобаны «Атаба» компаниялар тобы» ЖШС жүзеге асырды. Құны - 31,1 млн. теңге, қуаттылығы 1 820 тонна көкөніс сақтайтын қойма салынды. Облыс аудандарында да ондаған жоба жүзеге асырылды.

Толығырақ «ҚазАгроҚаржы» Атырау филиалының қызметі және қаржылық ұйымның болашаққа жоспарлаған жобалар жайлы редакция өтініші бойынша филиал директоры Айдар Прашев айтып берді.
– Айдар Гилимұлы, сандық көрсеткіштеріңіз расында да тамаша екен. Жалпы, қаржы агроөнеркәсіп кешенінің қай секторларына салынады?
– Қазіргі таңда ауыл шаруашылығының барлық секторлары қаржыландырылады. Біз үшін ешқандай тыйым салын- ған немесе маңыздылығы аздау секторлар жоқ. Ең маңыздысы – жобаның нақты пайдасы болса, болды. Сондықтан, ауыл шаруашылығы техникасын лизинг арқылы алу да, арнайы техниканы, оның ішінде үлкен салмақты КамАЗ-дарды сатып алу да біз үшін маңызды болып саналады. Оған қоса, мелиорация жұмыстарына, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуге арналған құрал-жабдықтар, технологиялық құрал-жабдықтар да бар. Сонымен қатар, елімізде қарқынды түрде дамып келе жатқан «жасыл экономиканы» қаржыландырып, баламалы қуат көздерін жеңілдікпен сатып алуды ұсынамыз. Асыл тұқымды мал жеткізуге, құрал-жабдық пен жылыжай жасау, мал бордақылау мен сою өндірістерін жасауға арналған жұмыстарды қаржыландыруға да дайынбыз. Бұл – біз жұмыс жасап келе жатқан бағыттар тізімінің бір ғана бөлігі.
– Сіздерге көмек алу үшін кім жүгіне алады?
– Кез келген ауылшаруашылық саласында жұмыс істеп, өнім өндіргісі келетін адам. Ең бастысы, жобасының перспективасы болуы тиіс. Көмек алу үшін қала тұрғындары да, алыста орналасқан елді мекендер тұрғындары да хабарласуға мүмкіндігі бар.
– «ҚазАгроҚаржының» ауыл шаруашылығына қаржы салу шарттары қандай?
– Қысқаша айтқанда, басқа қаржы институттардан әлдеқандай тиімді әрі жеңіл шарттармен қаржы саламыз. Мысалы, асыл тұқымды малды, әсіресе шетелден, сатып алуды айтсақ… Ол үшін адамның кепіл ретінде қалатын базасы және жайылым алқаптары болуы тиіс. Одан басқа кепілдердің қажеті жоқ. Сонымен қатар, ол сатып алынатын мал құнының 15 пайызын беру керек. Сатып алынған мал шаруашылыққа ұзақ мерзімді жалға беру болашақта сатып алу мүмкіндігі бар құқығымен рәсімделеді. Берілген несиені төлеу үшін үш жыл жеңілдік мерзімі беріледі. Демек, үш жыл ішінде шаруашылық дамып, айналым қаржысын жинай алады, ал үш жыл өткен соң ғана қарызды төлеуге кіріседі.
– Сіз қаржыландыру ашылатын немесе қаржы бөлінетін пайыздық мөлшерлемесін атап өткен жоқсыз ғой…
– Әр бағыт бойынша пайыздық мөлшерлеме әртүрлі, дегенмен, жалпы айтқанда, пайызы өте төмен. Мәселен, малды шетелден сатып алу бойынша жылдық мөлшерлеме төрт пайыз, техника құралдарын сатып алу 12,8 пайызды құрайды. Сонымен қатар, оның 5,8 пайызын мемлекет өтейді. Тамшылатып суаруға арналған құрал-жабдықтарды сатып алу жылына алты пайыз мөлшерлемесімен, құс фабрикаларын салу 8,5 пайызымен жүзеге асырылады.
– Жалпы, оған қызығушылық танытатындар бар ма? Жеңілдік бар дегенмен де, оны рәсімдеу де үлкен мәселе емес пе? Оған қоса, қомақты қаржыны қайтарып алуды бірден жасау қиын шығар…
-Ауылшаруашылық саласында жұмыс істеймін дейтіндер аймақта жеткілікті. Қуантарлығы, жыл сайын олардың саны көбеюде. Мәселен, жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасын салатын компания бар. Оны «Мирас» ЖШС жасамақшы. «Каспиан Роял фиш» компаниясы жылына 100 тонна бекіре тұқымдас балық өсіру мәселесімен айналысуда. Осы шаруашылық Томарлы ауылында салынатын болады.
– Қазірше, жаңа өндірістерді ашу тек облыс орталығында немесе қала төңірегіндегі елді мекендерде жүзеге асырылуда. Дегенмен, облысымыз үлкен. Ежелден бері ауыл шаруашылығымен айналысатын шалғайдағы елді мекендерде өз жобасын жүзеге асырам деушілер бар ма?
-Әрине. Олар тіпті аз емес. Жылыой ауданында біз жалпы сомасы 489,2 млн. теңгеге 43 несие алушы адамға қаржы бөлдік. Осы қаржының 203,2 млн. теңгесі ауылшаруашылық техникасын сатып алуға жұмсалды. Бірнеше ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Лизинг арқылы ет бағытындағы жылдық қуаттылығы 10 800 дана, жалпы құны 250 млн. теңгені құрайтын құс фабрикасын салуға ақша бөлінді. Бұл – «Атырау Сауда» ЖШС жобасы. «Достан Ата» шаруа қожалығына лизинг арқылы жалпы құны 36 миллион теңгені құрайтын қуаттылығы тәулігіне бір тонна ет өнімдерін шығаратын құрал-жабдық берілді.
Махамбет ауданында жалпы сомасы 527,7 млн. теңгеге 26 несие алушы қаржыландырылды. Ең ірі жобаларының ішінде – лизинг арқылы «Қарағаев» шаруа қожалығына қуаттылығы жылына 2092 тонна жем шығаратын құрал-жабдық пен арнайы техниканы беру. «АтырауАгроӨнімдері» шаруа қожалығына құны 14,6 миллион теңге 39 гектар аймағында тамшылатып суару әдісімен 2460 тонна жеміс-жидек өсіруге арналған жоба қаржыландырылды. «Феликс» шаруа қожалығы 124 алқабында тамшылатып суару әдісімен көкөніс өсіру жобасына 148,4 миллион теңге алды. Шаруа қожалығында жылына 4 145 тонна картоп және көкөністер өсірілетін болады.
Қызылқоға ауданында 41 несие алушы қаржыландырылды. 203 миллион теңгеге ауылшаруашылық және арнайы техника сатып алды.
Құрманғазы ауданында 34 несие алушы 208,7 миллион теңге алып, оның ішінде қуаттылығы 10 тонна балық мұздататын «Bitzer» тоңазытқыш құрал-жабдықты лизинг арқылы беру жобасы жүзеге асырылды.
Индер ауданында 23 несие алушы 79,5 миллион теңгеге қаржыландырылды. Олар жұмыстарына қажетті техника сатып алды.
Исатай ауданында 16 адам 59,6 миллион теңгеге, сондай-ақ Мақат ауданында үш адам 9,4 миллион теңгеге техника сатып алды.
– Биыл білуімізше, тамшылатып суару әдісімен көкөніс пен картоп өсіру әдісі тиімді көрінген сияқты. Сөйтіп, келешекте облыс азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, басқа аймақтар мен шетелден сатып алу мүмкіндігінше азаяды деуге негіз бар. Осы бағыт дами түседі ме?
– Міндетті түрде. Жоспарда тамшылатып суару технологиясы қолданылатын егістік ал- қаптарды кеңейту бар. Мысалы, Махамбет ауданында 28 гектар алқабына «Кан» шаруа қожалығында тамшылатып суару енгізілетін болады, «Феликс» шаруа қожалығы алқаптарын 100 гектарға кеңейтпек, «Коре» шаруа қожалығында 12 гектарға және «Достан» қожалығында 50 гектарға енгізіледі. Әрине, Атырау облысының ауыл шаруашылығы саласының басқа да бағыттары қолдау алатыны сөзсіз.
– Сұхбатыңыз үшін рахмет!

Виктор Сутягин.
PR

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз