Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыЭкономикаҚоғам

Атырауда жарықсыз қалған үйлерге жаңа трансформаторлар орнатылды

Жуырда Атырауда екіқабатты 25 үйдің тұрғындары жарықсыз қалғаны әлеуметтік желіде желдей ескен еді. Енді онда жаңа трансформатор орнатылып, электр энергиясы берілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ulichnyie_fonari
«Жұма күні кешкісін қала әкімі Әлимұхаммед Құттұмұратұлы «Лесхоз» шағынауданына барды. Онда қуаттылығы 400 кВт болатын трансформатор жанып кеткен еді. Ол жанып кеткен трансформаторды жаңасына ауыстыру жөніндегі жұмыс барысымен танысты. Шағынаудандағы тұрғындармен сөйлесті. Оларға ПИК құрып, қызмет көрсететін кәсіпорынмен шарт жасауға кеңес берді», — деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Шәкір Кейкиннің айтуынша, трансформатор заңды түрде қараусыз деп танылады. Кейін қайта құрылған ПИК оны өзіне алып, «Атырау Жарық» АҚ-мен қызмет көрсету туралы ресми шарт жасалады. Еске салайық, жұма күні кешкісін «Лесхоз» шағынауданында екі қабатты 25 үйге қызмет көрсететін иесіз тұрған трансформатор жанып кетті. Бұл үйлердің тұрғындары бұрынырақта ПИК құрудан, трансформаторға қызмет көрсететін «Атырау Жарық» АҚ-мен шарт жасаудан бас тартқан болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button