Атыраулық қаржыгер сән студиясын ашты

img 20220317 wa00241 Жаңалықтар

Көктем мерекесі қарсаңында Атырау қаласында сән көрсетілімін ұйымдастыратын «ELZA&ART» студиясының ашылуы өтті.

Эльза Калиева – мамандығы бойынша қаржыгер. Диплом алған соң бірнеше жыл бойы сақтандыру корпорациясында бас менеджер болып жұмыс істеді. Алайда бала күнінен өзі ғашық болған шығармашылық оны алысқа жібермеді. Нәтижесінде сән саласында бизнес бастады.

2016 жылы Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында киім дизайнері курсын оқып, өз командасын жинап, дизайнерлік ателье ашуды ұйғарды. Сол жылы «Атырау аруы» байқауында оның алғашқы сән көрсетілімі өтті. Бұл –бизнестің табысты дамуына қуатты серпін берді. Уақыт өте келе іздеп келетін тұрақты клиенттер пайда болып, Атыраудағы жетекші компаниялардан тапсырыстар түсе бастады.

Бүгінде Эльза Қалиева патенттелген «ELZA&ART» брендімен өзінің киім желісін шығарып отырған танымал дизайнер. 2019 жылы  «Business Lady Kazakhstan» жобасы аясында Францияда өткен «Қазақстан күзі» көрсетіліміне шақырылып, «VOGUE» журналы мен «DIOR», «PRADA» әлемдік сән үйінің өкілдерін киім үлгісімен таң қалдырды.

2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласында «Bissness Lady Kazakhstan» ұлттық киімінің «үздік дизайнері» атанса, Түркістан қаласында «Nomad Fashon Day» байқауында «үздік дизайнер» деп танылып, бас жүлдені жеңіп алды.

Қазір Эльза шеберлік сабақтарын өткізіп, тәжірибесі мен білімін іс бастаушы кәсіпкерлермен бөліседі. Оның көптеген оқушылары тағылымдамадан өтіп, жетістікке жетуде, сән киімдерін шығарады, оның басшылығымен өтетін сән байқауларына белсенді қатысады.

«Мен жоғары кәсіби командам мен тату отбасымның арқасында арманыма жылдам қол жеткізудемін. Өзім алты баланың анасымын, жұбайым ұдайы қолдау білдіріп отырады. Мемлекеттік бағдарламаға қатысу маған студия үшін жылжымайтын мүлік сатып алуға мүмкіндік берді», – дейді кәсіпкер.

«Қалиева» ЖК-нің жылжымайтын мүлік сатып алу бойынша жобасын «Банк Центр Кредит» АҚ «БЖК-2025» бағдарламасының 2-бағыты аясында мақұлдады. Қордың кепілдігі несие сомасының 22%-ын құрады.

Кәсіпкер Эльза Қалиева биыл мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «ULTTYQ ÓNIM» көрмесіне шақырылды.

Мекенжайы: Атырау қаласы, Аманшин көшесі, 4 б
тел: +7 7015546848
Instagram: @elza_art_kz

«Даму қоры»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз