Жарнама
Экономика

Инвестиция көлемі – 2 295 256 млн. теңге

Өнеркәсіп өнімінің көлемі (тауарлар, қызметтер) бойынша Атырау елімізде көш бастап тұр. Статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, қаңтар-тамыз аралығында облыста оның көлемі 4 853 576 млн. теңгені құрады. Тек тамыз айында 546 680 млн. теңгеге жетті.

e8be5104d1c79e2aa8d7c7a64b7

Жалпы, елімізде мұнай өндіру айтарлықтай ұлғайды. Табиғи газ бен металл өндірісінде де өсім бар. Ұлттық экономика министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, тамақ, мұнай өңдеу, химиялық өнеркәсіп өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары, металлургия өнеркәсібі және машина жасау өнімдерінің көлемі артуда.

Негізгі капиталға салынған инвестицияларды игеруде Атырау облысы алдыңғы лектен көрініп отыр. Жыл басынан бері 2 295 256 млн. теңге инвестиция ел игілігіне айналыпты. Мұнайлы аймақтың республикадағы үлесі 35,9 пайызға тең.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button