ОБЛЫС ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖАСАҚТАЛДЫ

Қазақстан Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Президиумы шешімімен Атырау облысының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы дирекцияның құрамы жасақталды.
Кәсіпкерлер Палатасының директоры - Жакиев Асылбек Мұхитұлы. 1984 жылы 8 мамырда дүниеге келген. КИМЭП-тан әлеуметтік ғылымның бакалавр дәрежесін, Тренто (Италия), Регенсбург (Германия), Конвинус (Венгрия) университеттерінен, сонымен қатар Женева (Швейцария) Халықаралық қатынастар мен даму институтында магистр дәрежесін алған. 2007-2012 жылдар аралығында Аджип ҚКО компаниясының ҮЕҰ-мен арасындағы байланыс кеңесшісі, «Атырау» ӘКК» АҚ-да жоба жасақтау менеджері және Қазақстандағы мұнай-газ саласының Атырау облысындағы сервистік компаниясының аймақтық директоры, жеке секторды басқару қызметтерін атқарды. 2012 жылдың қыркүйек айынан 2013 жылдың қазан айына дейін «Атамекен Одағы» ҰЭП Атырау филиалының директоры болды. Атырау облыстық мәслихатының депутаты, Президенттің «Болашақ» бағдарламасы түлегі. Ағылшын, неміс, итальян тілдерін меңгерген.

Кәсіпкерлер Палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары – Төкенова Ардақ Серікбайқызы. 1980 жылы 15 маусымда дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік саясат бағдарламасы бойынша, сонымен қатар «Болашақ» бағдарламасы бойынша Корнелл (АҚШ) университетінде білім алған. Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, мемлекеттік сатып алу жүйесі, экологияны қолдау және дамыту бағыттары бойынша мемлекеттік қызметкер жұмысын атқарған. 2011-2013 жылдар аралығында Астанада және Нью-Йоркте БҰҰ-да жұмыс жасап, тәжірибеден өтті. Сонымен қатар, 2013 жылы Қазақстан Республикасының Өңірлік дамыту министрлігі комитетінде ақпараттық-талдау басқармасының бастығы болып қызмет етті. Қазақстандағы электрондық үкіметтің даму барысындағы мәселелер жөніндегі бірнеше ғылыми мақалалары бар. Ағылшын және француз тілдерін меңгерген.
Кәсіпкерлер Палатасы директорының құқықтық мәселелер бойынша орынбасары – Қашахов Нұрсұлтан Жеңісұлы. 1982 жылы 7 қазанда дүниеге келген. КИМЭП түлегі, «КазАгро» еншілес ұйымында заң қызметін көрсету бағытында әртүрлі басқарушы орындарда, сонымен қатар, екінші деңгейлі банктерде еңбек еткен.
Кәсіпкерлер Палатасы директорының техникалық және кәсіптік білім беру және әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары – Ғанимұрат Нұржан. 1983 жылы 15 мамырда дүниеге келген. Ұлыбританиядағы Лондон экономика мектебін аяқтаған. 2010 жылдан бастап техникалық және кәсіптік білім беру және экономикалық дамыту бағытында әртүрлі халықаралық жобалар бойынша жұмыс жасаған. Назарбаев университетінде «2015-2020 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында білімді реформалау бағытының стратегиялық зерттемесі» жобасында халықаралық кеңесші қызметін атқарды. Президенттің «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Ағылшын, неміс және француз тілдерін меңгерген.

Кәсіпкерлер назарына!

Енді мұнайлы өлке бизнес иелері өздерін толғандырған сұрақтар бойынша Махамбет 118 «Б» мекен-жайында орналасқан палатаның кеңсесіне жолыға алады. Толық мәлімет қажет болса, 77 76 06 телефонына хабарласыңыз немесе atyrau@palata.kz электрондық поштасына хат жазыңыз!

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз