Атырау облысының әкімі «Теңізшевройлдың» жаңа басшысын қабылдады

whatsapp image 2021 01 23 at 19.15.48 Жаңалықтар

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов кәсіпорынның жаңа бас директоры Кевин Лайонды қабылдап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

«Мұнай-газ өндірісі саласында мол тәжірибеңіз бар екенін білеміз. Өзіндік тарихы бар еліміздегі маңызды кәсіпорынның одан ары дамуына үлесіңізді қосатыныңызға  сенемін, – деді облыс әкімі. 

«Теңізшевройл» компаниясымен бірлесе атқарылған жобаларға тоқталған Махамбет Досмұхамбетов «Болашақ кеңею жобасының» пандемияға қарамастан уақытында аяқталады деген сенімін білдірді.

Бұдан бөлек, аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов «Теңізшевройл» ЖШС-нің  бұрынғы бас директоры Имер Боннерге бірлескен жемісті жұмысы пен тығыз әріптестік үшін алғысын білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.  

Өз кезегінде «ТШО»-ның экс-директоры Имер Боннер облыс басшылығына алғысын білдіре отырып, кәсіпорын мен облыс басшылығы ынтымақтастығының ары қарай да жалғасын табатынына сенім білдірді.

–    Осы уақытқа дейін облыс әкімдігімен бірлесіп көптеген игілікті іс жасадық.  Әсіресе, пандемия кезінде біз бір ұжым емес, бір Атырау болып бірлігімізді көрсеттік. Азаматтарымыздың амандығы үшін өзіңіз бас болып өндірісті те тұралатапай, адамдарды да ауыртып алмауға қатысты  талқылауларымыз  түнге дейін ұласып, таң атпай жалғастырған күндеріміз болды. Өте қиын шақтар болғанмен есте қалатын сәттерге айналды. Қонақжай қазақ халқына, өңір жұртына алғысымды білдіремін»,- деді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз