Баннер 9 мая от газеты Атырау

Биыл Жылыойда 50,4 шақырым ауылішілік жолдар салынады

screenshot 20220527 154615 Экономика

Бұл туралы Жылыой ауданының әкімі Халел Жамалов «Жылыой ауданының 2022 жылғы 4 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары» туралы баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды  Атырау облысы  Өңірлік коммуникация қызметі.

Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы «Атырау» ықшам ауданында ұзындығы 22,2 шақырым автомобиль жолын салу жұмыстары былтыр қараша айында басталған. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жоспарлы жүргізілуде. Аталған жұмыстар алдағы жылдың екінші жартыжылдығында аяқталады деп күтілуде.

-Ауданның Шоқпартоғай, Ақкиізтоғай, Майкөмген, Қосшағыл, Тұрғызба ауылдық округтеріне 17 шақырым ауылішілік және Жаңа Қаратон кентіне 33,4 шақырым жол салу жоспарлануда. Оған қоса, ауыл халқының хал-ауқатын жақсарту мақсатында Жаңа Қаратон кентінде автомобиль жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды осы жылдың тамыз айында аяқтау жоспарлануда, деді Х.Жамалов.

Сонымен қатар, ол Құлсары қаласының көшелеріндегі автомобиль жолдарын қайта жаңғырту үшін  қалаішілік 107 шақырым автомобиль жолдарына жобалық-сметалық құжаттары жасақталып, жұмыс 3 кезеңге бөлінгенін жеткізді. Алғашқы екі кезең бойынша жұмыстар өткен жылы аяқталған болса, 3-ші кезеңге жоспарланған 31 шақырым жол құрылысы бойынша қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама жасақталған. Сараптама қорытындысы осы жылдың шілде айында дайын болатынын атап өтті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз