Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Құрманғазылық тұрғынның сауалына вице-министр жауап берді

Құрманғазы ауданының тұрғыны, зейнеткер Ержан Рысқалиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне сұрақ қойды.

«Атырау-Астрахань тасжолының 60 шақырымы биыл беріледі деп айтылған. Бірақ 10-шы көпір салынбай отыр. Не себепті? Тұрғындар үшін мал өткізу мәселе туындатып отыр» деп сұрады ол.

– Астраханнан Құрманғазыға (Ганюшкино) дейін 60 км жолдың конструктиві бітті. Ал жасанды құрылыстар мен көпірлерге кедергілер тап болды. Бұл жұмыстарды мердігер бастап та қойды. Жобаның бір бөлігі республикалық бюджеттен, қалған учаскелер Еуропалық банктен қаржыландырылады. «Қазавтожол» мекемесі мұны тапсырыс беруші ретінде апта сайын қадағалап отыр.

Мал өтетін жерлер жөнінде жобалық шешімдер бар. Бірақ оның бәрін сол елді мекен тұрғындарымен ақылдасып, қай жерден өткізу мәселесін қарастыратын боламыз. Бұл – республика бойынша күрделі мәселе. Малды әр жерден өткізу жол-көлік оқиғаларына әкеледі. Сондықтан сол жерде жасанды құрылыстар салынатын болады, — деп жауап берді вице-министр Берік Камалиев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button