Жарнама
Экономика

Бейбіт атом – тұрақты даму кепілі

Өзіміз де күн сайын көріп-біліп жүргеніміздей, электр энергиясына сұраныс артып келеді. Сарапшы-мамандардың айтуынша, ол 2030 жылға қарай 136 млрд кВт/сағ, ал, 2050 жылы 172 млрд кВт/сағ-қа дейін өсетін көрінеді.  Сол себепті, сұранысты қа­на­ғаттандыру мен тозған электр стан­са­ларының жұмысын тоқтатып, қайта жаңғырту кезек күттірмейтін мәселе болып отыр. Болжам бойынша 2030 жылға қарай 11-12 ГВт тоқ тарата алатын жаңа қон­дыр­ғылар қажет болса, ал 2050 жылға қарай 32-36 ГВт тоқ тарататын жаңа қон­­­­дырғылар керек.

Бәрінен бұрын, елімізде АЭС-тың салынуы бізді өзге мемлекеттердің энергия көзінен тәуелділіктен арылтады. Яғни, ешкімге жалтақтамай, электр энергиясының қуатын өзіміз өндіреміз. Екіншіден, АЭС салынған кезде оның құрылысына қарапайым тас қалаушыдан бастап қазақстандық мамандар тартылады.

Рас, атом электр станциясына 10 мыңға тарта адам еңбекпен қамтылады. Олардың әрбірі отбасымен келсе, бұл аумаққа отыз мыңға тарта жан келеді. Демек,  инфрақұрылым салынады, шағын және орта бизнес те кәсібін дамытады.  Сондай-ақ, біздің өнімдеріміз әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болу үшін атом электр станциясынан алынған энергия көзі арқылы жасалған болуы тиіс. Өйткені, мұндай тауарлардың бағасы да қолжетімді болады.

Ғұмар СЕРҒАЗИН,

Энергетика министрлігі өнеркәсіп және атомдық энергетика департаментінің директоры

Сурет: zhasalash.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button