АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНДА – ЖАҢА ДИРЕКТОР

screenshot 20220719 145305 Экономика

Атырау МӨЗ-да Бас директор тағайындалды.

Бұл туралы аталған кәсіпорынның баспасөз қызметі хабарлады. Серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі бойынша «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры болып Мұрат Әбиұлы Досмұратов тағайындалды. «Атырау МӨЗ» ЖШС жаңа басшысын кәсіпорын ұжымына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының мұнай және мұнай химиясын өңдеу жөніндегі орынбасары Арман Қайрденов таныстырды.

Мұрат Досмұратов 1985 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «инженер-химик-технолог» мамандығы бойынша бітірді, 1990 жылы осы оқу орнында техника ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды. Әр жылдары «KPI» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өңдеу департаментінің директоры, «Біріккен химиялық компания» ЖШС техникалық даму қызметінің бастығы  қызметтерін атқарды. Соңғы қызметі – «KLPE» ЖШС басқарма төрағасының жобалар бойынша орынбасары.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз