prarpararara

Зауыт қалай салынды?

Атырауға 380 жыл Жаңалықтар Экономика

Atr.kz/27 қазан, 2020 жыл. Қазіргі Атырау мұнай өңдеу зауыты – мұнай өңдеудің түрлі тәсілдерін толық меңгерген, классикалық, заманауи зауыт. Оның тарихы 1943 жылдан басталады. Нақты есімде жоқ, бірақ КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысына сәйкес салынған. Себебі, Грозный мен Бакудегі мұнай кәсіпшіліктеріне жау қолында қалу қаупі төнді. Ал, елге мұнай және мұнай өнімдері аса қажет болатын. Сол кезде мұнай өңдеу зауытта­ры Гурьевпен қатар, Орск және Красноводскіде жүріп жатты.

Г у р ь е в т е г і н ы с а н ғ а қондырғылар АҚШ-тан ленд- лиз тәртібімен, яғни, қарызға алынды. Алғашқыда зауыт қуаты жылына 800 мың тонна мұнай өңдеуге және Бакуге өнім айдауға қабілетті болды. Бірақ, кешенді зауыт санатында қызмет етті. Өйткені, оның құрамында электрлі әдіспен тұздан арылту арқылы алғашқы өңдеу, термо­крекинг, катилитикалық кре­кинг, алкилация, газофракцио­налды қондырғы, ең бастысы, зауыттың қажеттілігін толық өтеуге қабілетті дербес жылу- қуат орталығы салынды. Яғни, Гурьевтегі №441 зауыт шағын болғанымен, ықшамдалған, кешенді нысан еді.

Зауыт құрылысы американдық «Баджер және оның балала­ры» фирмасының жобасына сай жүргізіліп, 1945 жылы іске қосылды. Тамыз айында алғашқы өнім, сол жылдың қыркүйегінде тауарлы өнім – бензин алынды. Содан бері 75 жыл өтіпті. Осынша кезеңде зауыт бірнеше сатылы даму мен жаңғырту кезеңінен өтті. Ең бірінші жетістік – алғашқы өңдеу көлемін 2 милли­он тоннаға жеткізіп, ЭЛОУ-АТ-2 қондырғысы кеңейтілді. Кейін Маңғышлақ тобы тұтқырлығы жоғары, парафинді өзгеше мұнайы бар кен орнын ашқан кез­де тағы да кеңейту жұмыстары жүріп, 1965 жылы ЭЛОУ-АВТ, 1971 жылы каталитикалық ри­форминг іске қосылды. Бұл тізбектің соңғы көрсеткіші ретінде Қазақстанда алғаш бо­лып, 1980 жылы баяу кокстау құрылғысы жұмысын бастады. Ал, 1988 жылы мұнай коксын қыздыру қондырғысы салынды.

Бұл – зауытты жаңғыртудың екінші кезеңіндегі жетістіктер. Ал, үшінші кезеңдік жаңғыру тәуелсіздік жылдарында жүзеге асты. Бұл кезеңнің өзі үш сатыдан тұрды. Алғашқысы 2002-2006 жылдары бұрыннан қолданыста бар құрылғыларды жөндеу, жаңартулар жүргізілді. Тыйым салынып, қолданысқа енбей тұрған қондырғылар жаңғырту, қайта құру талаптары аясында күнделікті зауыт өміріне пай- даланыла бастады. Бензин мен дизельді отынды гидротазалау, изомеризация және биологиялық тазарту қондырғылары орнатыл- ды. Екінші кезең – 2010 жылы ба- стап салынып, төрт жылдан кейін аяқталған хош иісті көмірсутек өндіру кешенінің салынуы. Үшіншісі – 2015-2018 жылдар аралығында салынған мұнайды терең өңдеу кешені. Аталған кешендердің бәрі де қазір толық қуатында жұмыс жа- сап тұр. Жобалық көрсеткіштерге де қол жеткізуде. Атап өту ке- рек, зауыттан К-4, К-5 сапасы- мен шығарылатын мұнай мен дизельді отын Евро-4, Евро-5 сапасына сай келеді. Алайда, бұл белгі Еуропаға тән болғандықтан, бізде басқаша атаумен шығуда. Өңдеу тереңдігі – 84 пайыз, мөлдір мұнай өнімдерінің көрсеткіші – 70 пайыз. Яғни, бұл көрсеткіштер әлемдік өлшем бойынша жоғары нәтиже. З а у ы т т ы ң с а л ы н у , жаңғыртылу кезеңдерінде бас- пана салу жұмысы да қарқынды жүрді. Арнайы қалашық салу мәселесі көтеріліп, «Тұрғындар қ а л а ш ы ғ ы » б о й к ө т е р д і . Оны с а луға Романовский, В а с и л е в с к и й , А р е ф ь е в , Васильковский, Лансер секілді ленинградтық бір топ архи- текторлар келді. Жалпы, қазір қарасаңыз да, осынау қалашықта қолтаңбасы қалған құрылысшы- сәулетшілердің ерекше ди- зайн, ленинградтық стильді ұстанғанын аңғаруға болады. Сонымен қатар, орта азиялық колоритты да сәйкестендіріп үйлестіре білген. Құрылысшылар біздің өңірдің табиғат жағдайын мейлінше ескерген. Жан-жағын Жайық өзені қоршап тұратын жарты арал кейпіндегі орын- ды таңдауы да – құрылыстың сәтті жүзеге асуына себепші. Оған қоса, аталған қалашықтан зауытқа тікелей баратын жол са- лынды. Тығыз орналасса да, екі қабатты үйлердің арасындағы кеңістіктер ауа айналымына жақсы әсер етеді. Пәтерлер де жайлы, қолайлы салынған. Гурьевке келген ауыл-аймақ т ұ р ғ ы н д а р ы с о л к е з д е р і «Тұрғындар қалашығына» ба- р ы п к ө руд і а рма н д а й т ы н . Қыдырып келгендер үшін де жайлы, демалуға жағдайлар жасалды. Шағын қалашық – Гурьевтің ішіндегі өзге әлемнің бір бөлшегіндей еді. Майданда кескілескен ұрыс жүріп жатты. Ел тауқымет тар- тып жатқан тұста, оның үстіне құрылыс материалдары қат кезде зауыт құрылысы қалай жүргізілді деген сұрақтың ту- ындауы заңды да. Расында да, сол кезде салынған үйлерге қайыршақ араластырылған гипс тастар пайдаланылған. Ал, қалада темір жол жоқ, су көлігі арқылы тасымалдың шығыны көп. Сондай кезде КСРО Ішкі істер халық комиссариатына қарасты аэродром құрылысы Бас басқармасының күшімен зауыт құрылысы жүріп жатты. Соның септігі болар, зауыттың алғашқы шығарғаны авиациялық бензин болды. Өзім зауытқа жұмысқа кел- геннен кейін ескі шарбақтар мен ағаш мұнараларды көргенім бар. Соған қарағанда, күзетшілер болған, бірақ нені, қалай күзеткені бимағлұм. Бірақ, бұл туралы ешқандай кітапта, еш деректе жоқ. Ал, қырым татарлары мен Еділ бойынан келген немістер, Қазақстанға күштеп көшірілген шешендердің жұмысқа жегілгені туралы деректер кездесетіні жа- сырын емес. Зауыттан бастап, қазіргі Азаттық көшесінің сол жақ бетінде ескі барактар – сол арзан жұмыс күшінің жатын жері болды. Бұл туралы маған әкем айтқан еді. З ау ы т т ы ң ө з і н с а л у ғ а а м е р и к а н д ы қ м а м а н д а р шақырылған. АҚШ-тан келген қондырғыларды да олар өздері қабылдады. Сол жылдардағы қ и ы н а ху а л , қ ұ л д ы р а ғ а н экономикаға қарамастан, зауыт са- лынды, оған қоса мұнайшыларға арналған мәдениет үйі бой көтерді. Мәдени нысан 1948 жылы, ал стадион 1949 жылы ел игілігіне тапсырылды. Кеңес дәуірінде де, одан кейін де зауыт қала тұрғындарының әлеуметтік ахуалының түзелуіне өлшеусіз зор үлес қосты. Өйткені, жұмысшы мамандарға жағдай жасау – кәсіпорын ұстанған негізгі бағыттың бірі. Қаладағы көп пәтерлік бірнеше үй бұл сөзімізге дәлел. О с ы с е к і л д і ау қ ы м д ы жұмыстарға ұйытқы болғанымен, зауыттың қаржылық шығындары болғаны да белгілі. Жаңғырту ж ұ м ы с т а р ы н а д а а з а қ ш а жұмсалған жоқ. Кесте бойынша өтеліп келе жатқанымен, оның салмағы әлі де білінеді. Атырау мұнай өңдеу зауы- ты 75 жылдық белесті артқа қалдырғанмен, даму қарқынын бір сәтке де кідірткен емес. Жоғары санатты мұнай-газ өнімдеріне қоса, бензол, парак- силол секілді мұнай химиясы саласына аса қажетті негізгі өнімдерді шығарады. Бұлардан пластикалық бөтелкелер, жасан- ды жасыл төсеніштер жасалады. А л ы п н ы с а н н ы ң ж ы – лына 5 миллион тонна өнім шығаруға қабілетті болып, жұмыс жасаған кездері де бар. Бірақ, өкінішке қарай, күкірті аз мұнай өндіретіндіктен одан алынған мазуттың құрамында да күкірттің аз мөлшерде бо- латыны белгілі. Бір кездері Магнитогорск, Челябинск, Орск секілді ірі металлургиялық орталықтарда экологиялық қиын ахуал туындаған кезде Гурьев зауытынан алынған мазутты орталық бөліп отырды. Өйткені, төзімділік қасиеті өте жоғары болатты алу үшін мазут жағады. Ал, оның құрамындағы күкірт қосындысынан ауаға күкіртті газ бөлінеді. «Мазут беріңдер!» де- ген талаппен ғана жұмыс жасап, тіпті сыйақы да тағайындалғаны тарихқа айналды. Зауыт осы жылдар аралығында үздіксіз жұмыс жасап, түрлі кезеңдерді бастан өткерді. 1999 жыл – зауыт тарихындағы аса ауыр кезең. Өндіріс көлемі күрт төмендеп, екі есе аз өнім шығаратын. Бірақ, жылдар өте келе кезең-кезеңімен көтерілген көрс еткіштер нәтиже сінде 2018 жылы зауыт тарихында тұңғыш рет 5 миллион тонна- дан астам мұнай өңделді. Рас, кеңестік кезеңде 4 миллионнан астам көрсеткіш болғанымен, 5 миллионға жетпеген-ді. 2018 жылғы көрсеткішті нақты ай- тып отырған себебім, сол жылы зауытқа директор болып, қайта оралған едім. Сондықтан бұл – тұтастай облыс үшін ғана емес, мен үшін де ұмытылмайтын көрсеткіш.

Ғалымжан АМАНТУРЛИН,

қазақ мұнай-газ өнеркәсібінің ардагері

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған